Мәжіліс депутаттары жаңа сессия жұмысына кірісті

Жаңа сессияның алғашқы жалпы отырысына жиналған Мәжіліс депутаттары жазғы демалыстан кейін бір-бірімен сәлемдесіп жатыр. Астана, 5 қыркүйек 2018 жыл.

Мәжіліс депутаттарының жалпы отырысы. Астана, 5 қыркүйек 2018 жыл.

Алғашқы жалпы отырысқа қатысып отырған Мәжіліс депутаттары. Астана, 5 қыркүйек 2018 жыл.

Бокстан Олимпиада чемпионы, алтыншы шақырылымдағы Қазақстан парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Серік Сәпиев әріптестеріне сауал қойып отыр. Астана, 5 қыркүйек 2018 жыл.

Қазақстанның Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек парламенттің төменгі палатасында сөйлеп тұр. Астана, 5 қыркүйек 2018 жыл.

Мәжіліс депутаттары дауыс беріп отыр. Төменгі палата мүшелері "әуе" терроршыларымен күрес жөніндегі Конвенцияны ратификациялады. Астана, 5 қыркүйек 2015 жыл.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин (ортада) төменгі палатаның алғашқы жалпы отырысын жүргізіп отыр. Астана, 5 қыркүйек 2018 жыл.

Мәжіліс депутатының жұмыс папкасы. Астана, 5 қыркүйек 2018 жыл.

Мәжіліс ғимаратындағы БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз орталығы. Астана, 5 қыркүйек 2018 жыл.

Мәжіліс отырысы кезінде баспасөз орталығында жұмыс істеп отырған жуналист. Астана, 5 қыркүйек 2018 жыл.

Мәжіліс ғимаратының фойесіндегі монитордан төменгі палатаның алғашқы жалпы отырысынан тікелей трансляция көрсетіліп жатыр. Астана, 5 қыркүйек 2018 жыл.

Мәжілістің отырыс залынан шығып келе жатқан депутаттар. Астана, 5 қыркүйек 2018 жыл.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин (алдыңғы қатарда) мен депутат Владимир Божко отырыс залынан шығып келеді. Астана, 5 қыркүйек 2018 жыл.

Депутат Владислав Косарев журналистердің сұрағына жауап беріп тұр. Астана, 5 қыркүйек 2018 жыл.

БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп тұрған Мәжіліс депутаттары. Астана, 5 қыркүйек 2018 жыл.

Мәжілістің отырыс залының есігі. Астана, 5 қыркүйек 2018 жыл.

Жазғы демалыстан оралған Қазақстан парламенті Мәжілісінің депутаттары қыркүйектің 5-і, сәрсенбі күні алғашқы жалпы отырысын өткізді. Бұл сессия кезінде депутаттар 50-ге жуық заң жобасын қарайды.