Жаңаөзенде Мақсат Досмағамбетов жерленді

Your browser doesn’t support HTML5

Қазанның 1-і күні Жаңаөзен оқиғасына қатысты сотталып, жазасын өтеп шыққан белсенді Мақсат Досмағамбетовті жерледі. Марқұммен қоштасуға туыстарынан өзге 2011 жылы ереуілден кейін құрылған "Бұрғылау жұмыстары басқармасының" мұнайшылары жиналды. Мақсат Досмағамбетов 29 қыркүйек күні Ақтауда облыстық аурухананың онкологиялық бөлімінде қатерлі ісіктен қайтыс болған.