Баннердің көлеңкесі

Алматы әкімшілік соты 21 сәуірде қаладағы марафон кезінде жол бойына "Шындықтан қашып құтылмайсың" деген жазуы бар баннер ілгені үшін жергілікті белсенділер Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбековті 15 тәулікке қамаған. Сот осы акцияны түсірген тағы үш белсендіні - Сүйінбике Сүлейменова, Айдос Нұрболатов және Айгүл Нұрболатоваға "митинг өткізу тәртібін бұзғаны" үшін 50 500 теңге (130 доллар) айыппұл салған. Карикатура авторы - Ғалым Смағұл.