Қамауда аштық жариялаған белсендіні соттан ауруханаға әкетті

Your browser doesn’t support HTML5

Алматыда 15 тәулікке қамалған төрт белсендінің аппеляциялық шағымы қаралды. Сот Андрей Пахотновтың, Мұрат Шормановтың және Ермек Қазиевке шыққан алғашқы шешімді өзгертпеді. Ал төртінші белсенді Геннадий Крестьянскийдің шағымын қарап үлгермей қалды. Абақтыда бір аптадай аштық жариялап жатқан белсенді сотта қайта-қайта талықси берді де, оны дәрігерлер алып кетті.