"Ой-шұңқыры көп, жүруге аса қолайсыз". Жөндеуі бітпеген жол машақаты

Қытай инвестициясы есебінен жүзеге асып жатқан жол құрылысының басты мердігері – CITIC Construction Co, LTD. Тапсырыс беруші – "Қазавтожол" ұлттық компаниясы.

Талдықорған - Қалбатау - Өскемен жол учаскесінің 615-685 шақырымындағы автомобиль жолын қайта салу жұмысы 2022 жылғы сәуірде аяқталып, жол пайдалануға берілуі тиіс еді. Бірақ жолдың көп бөлігі әлі салынып бітпеген.

Үлкен автокөлік жолы өтетін Алматы облысы Көлбай аулының ішінде сазға батып қалған MAN маркалы жүк көлігі. 31 наурыз 2022 жыл.

Талдықорған мен Аягөз арасындағы ұзындығы 500 шақырымнан астам автокөлік жолы бойында көлік тоқтайтын авотұрақ, жолаушыларға арналған әжетхана жоқ.

Ақсу ауданы орталығы Жансүгіров ауылына кіреберістегі жазу. Алматы облысы, 31 наурыз 2022 жыл.

Талдықорған мен Ақсу ауданы арасындағы 31 шақырымдық төрт жолақты жолдың екі жолағы пайдалануға әлі берілмеген.

Талдықорған - Қалбатау - Өскемен автомобиль жолын кесіп өтіп бара жатқан сиырлар. Алматы облысы Алакөл ауданы, 31 наурыз 2022 жыл.

Талдықорған - Қалбатау - Өскемен автомобиль жолы бойында тұрған полиция көлігі, полицей. Алматы облысы, 31 наурыз 2022 жыл.

Талдықорғаннан Аягөзге баратын жолдың Қызылағаш ауылынан кейінгі бөлігінде жөндеу жұмыстары әлі бітпеген. Алматы облысы 31 наурыз 2022 жыл.

Талдықорған - Қалбатау - Өскемен автомобиль жолы. Қызылағаш ауылы Ақсу ауданы Алматы облысы, 31 наурыз 2022 жыл.

Талдықорған - Қалбатау - Өскемен автомобиль жолы. Сағабүйен аулы жанындағы бұзылған ескі жанармай бекеті. Ақсу ауданы Алматы облысы, 31 наурыз 2022 жыл.

Талдықорған - Қалбатау - Өскемен автомобиль жолындағы Сағабүйен ауылы Ақсу ауданы Алматы облысы, 31 наурыз 2022 жыл.

Сағабүйен ауылына кіреберістегі құрылысы бітпеген көпір. Ақсу ауданы Алматы облысы. 31 наурыз 2022 жыл.

Бірнеше жылдан бері жөнделіп жатқан жол үстіндегі шұңқырдан қашқан көліктер кейде қарсы бағытқа шығып кетеді. Сағабүйен ауылы Ақсу ауданы Алматы облысы. 31 наурыз 2022 жыл.

Талдықорған - Қалбатау - Өскемен автомобиль жолы бойындағы Көлбай ауылы Алакөл ауданы Алматы облысы, 31 наурыз 2022 жыл.

Көлбай аулының ішінде батып жатқан жүк көлігі. Алматы облысы, 31 наурыз 2022 жыл.

Алматы облысы Көлбай ауылының ішімен өтетін жолда кетіп бара жатқан КАМАЗ жүк көлігі мен сазға батып қалған MAN маркалы жүк көлігі.

Талдықорған - Қалбатау - Өскемен автомобиль жолы. Алматы облысы Алакөл ауданы аумағына кіргенде жол бойында тұрған жазу. 31 наурыз 2022 жыл.

Талдықорған - Қалбатау - Өскемен автомобиль жолының жөнделмеген бөлігінде көтерілген шаңнан алда кетіп бара жатқан көлік әрең көрінеді я мүлде көрінбейді. Алматы облысы, 31 наурыз 2022 жыл.

Жол бойында тұрған полиция көлігі, жеңіл мәшине мен мотоцикл. Алматы облысы Ақсу ауданы, 31 наурыз 2022 жыл.

Талдықорған мен Аягөз арасындағы ұзындығы 500 шақырымнан астам автокөлік жолының Шығыс Қазақстандағы бөлігі. 31 наурыз 2022 жыл.

Талдықорған - Қалбатау - Өскемен автомобиль жолының Шығыс Қазақстан облысындағы "92-шақырым" деп аталатын бөлігінде жөндеу жұмысы мүлдем басталмаған. 31 наурыз 2022 жыл.

Ойдым-ойдым жолмен жүру адамға да, техникаға да оңай емес деп шағынады жүргізушілер.

Талдықорған мен Аягөз арасындағы ұзындығы 500 шақырымнан астам автокөлік жолының  кей тұсында тізеден келетін шұңқырға кезігесіз.

Ой-шұңқыры көп, аса қолайсыз жолмен түнді қойып, күндіз жүрудің өзі қауіпті дейді жүргізушілер.

Талдықорған мен Аягөз арасындағы ұзындығы 500 шақырымнан астам автокөлік жолының Шығыс Қазақстандағы бөлігі. 31 наурыз 2022 жыл.