Ресей елшілігі алдындағы наразылық

Your browser doesn’t support HTML5

25 қарашада түнде ультраоңшыл ұйым белсенділері Ресейдің Азов теңізіндегі әрекетіне наразылық танытып, Ресейдің Киевтиегі елшілігінің алдында акция өткізді. Елшілікке жақын жерде Ресей дипломаттарының нөмірі бар көлік өртенді. 25 қарашада таңертең Керчь бұғазында Ресей әскерилері украин кемелерін атқылап, екі әскери кемені ұстаған. Бірнеше әскери жараланған. Ресей украин кемелері территориядан "заңсыз кесіп өтті" деп айыптаса, Украина кемелердің бұл аумақтан өтетіні "алдын-ала ескертілгенін" айтып, Ресей әрекетін "бассыздық" деп атады.