"Президент Назарбаев" қызғалдағы

Фестивальге қатысушылардың бірі "Президент Назарбаев" қызғалдақтарының жанында тұр. Бұл қызғалдақтар Алматыдағы Орталық демалыс паркіне отырғызылған.  

"Президент Назарбаев" қызғалдағының тұқымдарын Голландиядан әкелген. Голландиялық селекционерлер қызғалдақтың жаңа сортын Нұрсұлтан Назарбаевтың Амстердамға сапары кезінде таныстырған. 

"Президент Назарбаев" қызғалдақтарының жанында ойнап жүрген бала. 

Алматыдағы "Жас натуралистер станциясының" директоры Зейнеп Арышеваның айтуынша, "Президент Назарбаевтың" бойы биік, суыққа төзімді, сабағы мығым.

Қызғалдақты отырғызған "Грин лэнд" компаниясының айтуынша, "Президент Назарбаев" қызғалдағы әзірге жеке гүл сататын жерлерде жоқ. Тек Алматының парктерінен ғана көруге болады". 

"Президент Назарбаев" жанында суретке түсушілер көп. 

"Президент Назарбаев" қызғалдағын күтумен жеке компания айналысады. 

Алматыдағы "Қызғалдақ фестивалі".