Дербісектегі ескі шіркеу апатты жағдайда тұр

Ескі шіркеу ғимараты. Дербісек ауылы, Сарыағаш ауданы, Түркістан облысы. 5 маусым 2020 жыл.

Бұл - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Дербісек ауылының шетінде оқшау тұрған ескі шіркеу.

Шатыры жоқ ескі ғибадатхана қазір қаңырап бос тұр.

Архитектурасымен назар аудартатын шіркеу - Дербісек ауылындағы ең биік ғимарат.

Ескі шіркеу алдында қиылған ағаштардың тұқылы байқалады. Дербісек ауылы, Сарыағаш ауданы, Түркістан облысы. 5 маусым 2020 жыл.

Христиан шiркеуінің шамамен 1880-1915 жылдар арасында салынғаны айтылады.

Ескі шіркеудің қасбеті – іштен қарағанда. Дербісек ауылы, Сарыағаш ауданы, Түркістан облысы. 5 маусым 2020 жыл.

Кейбір деректерге қарағанда бұл ғибадатхана Покров шіркеуі (Церковь Покрова Пресвятой Богородицы) деп аталған болуы мүмкін.

Ескі шіркеу маңында арқандалған жылқы. Дербісек ауылы, 5 маусым 2020 жыл.

19 ғасырдың соңында Дербісек маңында Константиновка және Кауфман деген ауылдар болған.

"Туркестанские епархиальные ведомости" басылымы 1917 жылы тамыз айында Кауфмандағы шіркеу қызметкерінің Әулиеата уезіндегі шіркеудің біріне ауысқаны жайлы хабарлаған.

Терезедегі темір тор әлі сақталып тұр. Ескі шіркеу. Дербісек ауылы, 5 маусым 2020 жыл.

Жергілікті тұрғындар, ауыл округі басшылығы және христиан діні өкілдері бұл шіркеу туралы әзірге құжат жүзінде толымды дерек жоғын айтады.

Ескі шіркеудің су өткен қабырғасы. Дербісек ауылы, Сарыағаш ауданы, Түркістан облысы. 5 маусым 2020 жыл.

Ғимараттың тұрған жері биіктеу болғанымен қабырғаларынан су өткені байқалады.

Кейбір тұрғындардың сөзіне қарағанда ғибадатхана маңында кезінде христиан дінбасылардың бірі жерленген болуы мүмкін.

Ескі шіркеудің кіреберісінен ішке қарағандағы көрінісі. Дербісек ауылы, Сарыағаш ауданы, Түркістан облысы. 5 маусым 2020 жыл.

Дербісек ауылындағы бұл ескі ғимарат совет кезінде де бос тұрған.

Ескі шіркеу қабырғасына қатқан тұз. Дербісек ауылы, Сарыағаш ауданы, Түркістан облысы. 5 маусым 2020 жыл.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, шіркеуді трактормен қопармақ болған адамдардың әрекеті сәтсіз аяқталған.

Ескі шіркеу ғимаратының артқы бөлігі. Дербісек ауылы, 5 маусым 2020 жыл.

Төрт қабырғасы сақталғанымен шатыры мен қоңырауы жоқ шіркеудің солтүстік жағы құлай бастаған.

Шіркеудің бүлінген тұсы. Дербісек ауылы, Сарыағаш ауданы, Түркістан облысы. 5 маусым 2020 жыл.

Ал ғибадатхананың қасбеті жақсы сақталған.

Ескі шіркеудің қасбеті. Дербісек ауылы, Сарыағаш ауданы, Түркістан облысы. 5 маусым 2020 жыл.

Бірақ шіркеудің төбесіндегі күмбездер мен крестер қисайып тұр. Жел соққанда күмбездегі шынжырлардан әлсіз дыбыс шығады.

Ескі шіркеудің күмбездері, крестер. Дербісек ауылы, 5 маусым 2020 жыл.

Қазір апатты жағдайда тұрған ғимарат қоршалмаған.

Ескі шіркеудің жарылған қабырғасы. Дербісек ауылы, Сарыағаш ауданы, Түркістан облысы. 5 маусым 2020 жыл.

Шіркеу маңы бүгінде егістікке айналған.