Семей полигоны ашылған һәм жабылған күн

"Атылған көлдің" ар жағынан Семей полигонындағы сынақ алаңдарының бірі болған Дегелең тауы көрініп тұр. Көл мен Саржал ауылының арасы 20 километрдей жер.  

Саржалдан Дегелеңге қарай шыққан соң үш километрден кейін осындай ескерту белгісі бар бағандар кездесе бастайды.  

Дегелең тауының бергі жағындағы төбешік - "Атылған көл". Сынақ кезіндегі бомба жарылысынан жер қыртысы қопарылып, осындай төбешік пайда болған. Төбешік ортасындағы шұңқыр әлі суға толып тұр.  

Ертеректе беделді адамның бірі жерленген күмбезді бейіт. Жергілікті халық онда Шүрек батыр жерленген деп есептейді.  

"Атылған көл" түбіндегі қоныс - Шүрек қыстағы. 

"Атылған көл" маңында шашылып жатқан кабель сымдары. 1991 жылы полигон жабылғаннан кейін жергілікті адамдар қараусыз қалған сынақ алаңдарына барып сондағы кабель сымдарын сатумен айналысты. Кабель жинайтындар оның сыртқы пластик қабығын өртеп, өзегіндегі мыс сымдарын алып, сататын. 

"Атылған көл" жиегіндегі төбешікке шығып бара жатқанда уатылып жатқан тастар назар аудартады. 

"Атылған көлге" адамдар әдетте көлдің солтүстік-шығысынан келеді. Өйткені қазаншұңқырдың бұл тұсы аласа, қақпа сияқты әсер береді.     

Көлдің жиегіндегі төбешікте осындай бірнеше шахта бар. Саржалдықтардың айтуынша, бұл шахталар топырақтан сынама алу үшін пайдаланылады.   

Шахталардың тереңдігі де әрқилы. 

Жел соғып тұрған кездегі көл беті.

Көл ортасында және жағасында сорайып тұрған арматура. 

"Атылған көлдің" батыс бетінен қарағандағы көрінісі. Осы маңда жел әдетте, батыстан соғады. Көлдің ық, шығыс жағында ауылдар қоныстанған.  

"Атылған көлдің" солтүстік жағындағы бірнеше километр жердегі екінші шұңқырдың сұлбасы. Совет кезінде ол шұңқыр "Телькем-1" бір деп аталған. Осы екі жерде 1968 жылы арасы бір айдан екі жарылыс жасалған. Бұл күндері жаздағы дала өртінен кейін төңірек қарайып жатыр. Тек шұңқыр маңындағы төбешіктерге ғана от тимеген.

"Атылған көл" жиегінде қопарылған жер қыртысы біртіндеп үігітіліп жатыр.

"Атылған көл" жиегіндегі төбешіктің солтүстік бетінде қазылған ін.  

Қопарылыстан кейінгі жер қыртысының түсі әртүрлі.

"Атылған көл" маңындағы радиация көрсеткіші әртүрлі екендігі байқалады. Төбешік басында жел соғып тұрғанда радиацияның азайғаны, ал өзге бөліктерде радиация мөлшері көбейгені көрінеді.

"Атылған көлдің" батыс жақ жиегіндегі ойпаңдау тұста радиация мөлшерден тым көп екені байқалды. Дозиметр құрылғысы мұндайда ерекше сигнал береді.