Интернет үшін төбеге шығу, кереуетте сабақ оқу. Әлемде оқушылар қалай білім алып жатыр?

Мұғалім оқушылармен видеоконференция өткізіп, сабақты түсіндіріп жатыр. Новосибирск, Ресей. 

 

Оқушы Егор Павлишек сабақ оқып отыр. Жанында иті Пинки де отыр. Евпатория, Украина. 
 

Таза ауада сабақ оқып отырған Джулио Джованнини. Интернет байланысы жақсы болу үшін оқушы қала маңындағы төбеге шыққан. Скансано қаласы, Италия. 
 

Тегеранда мұғалім оқушылармен видеоконференция өткізіп жатыр.

Әлемде оқушылар қашықтан оқуға әрқалай бейімделіп жатыр. Лондондағы оқушылардың бірі New York Times тілшісіне кейбір мұғалімдердің "өтіп кеткен сабақтарды жіберіп, тапсырманы қашан өткізу керектігін айтпады" деген.
 

Беларусьтің Колодищи ауылында мұғалім болып жұмыс істейтін Евгения Гущина онлайн-сабақ өткізіп жатыр.


 

Интернет жақсы тартатын жерге көлікпен келіп, ноутбукпен сабақ оқып отырған жоғары сынып оқушылары. Челябинск, Ресей. 

Мәскеудегі мектептердің бірінде үш оқушымен сабақ өткізіп тұрған мұғалім. Қалған оқушылар онлайн трансляция арқылы қарап отыр. 

Пәкістандық оқушы Мұхаммед Ибрагим интернет арқылы сыныптастарымен бірге ағылшын тілін оқып отыр. 
 

Алиса және Джозеф Уилкинсон дене шынықтыру сабағында үйде жаттығу жасап жатыр. Манчестер, Англия. 
 

Сабақ оқып отырған оқушы. Брюссель.

Токиода кейбір университеттер диплом тапсыру рәсімін осылайша iPad-тың көмегімен өткізген. 
 

Токио мектептерінде оқушылар бір-бірінен алшақ отырғызылған. 5 сәуірде кейбір мектептер ашыла бастады.

Жапония - коронавирус инфекциясы туралы алғаш хабарлаған мемлекеттердің бірі. 27 ақпанда елде барлық мектептер жабылған. Жапонияда ата-аналардың бірі бірнеше аптадан кейін стресске шалдыққанын айтқан, ұлының теледидарды көп көретінін айтып алаңдаған.