Аптаның үздік жеті хикаясы

Полиция Алматыдағы орталық көшелердің бірінде азаматтарды ұстап жатыр. 12 маусым 2019 жыл.

Күнделікті қарбалас шаруамен жүріп Азаттықтың маңызды мақалаларын, видеорепортаждарын, фотогалереяларын көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны тағы бір мәрте қаперлеріңізге саламыз.

"Жай жүргенімде ұстап, қамады". Алматылық фельдшердің хикаясы

Тоғыз шаршы метр бөлмедегі қос қабатты үш төсек пен темір торлы тар екі терезе, айналасы төсек жаймасымен қымталған әжетхана. Сол жерде тұтқында болған Андрей Пахотнов сегіз тәулік ешқашан бітпестей боп көрінгенін айтады. Полиция оны маусымның 9-ы күні Қазақстанда тыйым салынған қозғалыс президент сайлауына қарсылық шеруі өтетін орын деп көрсеткен алаң маңынан ұстап әкеткен. Толығырақ оқу үшін мына сілтемені басыңыз.

"Үмітіміз ақталмады". Еуропа қазақтары Тоқаевқа хатында не айтты?

Еуропада тұратын бір топ этникалық қазақ Қазақстанда митинг кезінде ұсталғандарды босатуды өтініп, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазды. Хатқа қол қойған кейбір азаматтар елдегі қоғамдық-саяси жағдайға алаңдап отырғанын жеткізеді. Толығырақ оқып-білу үшін мақалаға мына сілтеме арқылы өтіңіз.

"Жаңа Қазақстан" форумы неге тарады? Сарапшылар пікірі

"Билікке қатысымыз жоқ" деген "Жаңа Қазақстан" форумы президент сайлауынан кейін тарады. Сарапшылар форумның өзі "президент сайлауында өз беделін өзі жоғалтты" деп санайды. Толығырақ оқып-білу үшін мына сілтемені басыңыз.

"Бейберекет тағайындау", "саналы сабақтастық". Бақылаушылар Тоқаевтың кадр саясаты жайлы

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев маусымның 12-сінде өткен инаугурациясынан соң кадрларын тағайындай бастады. Сарапшылар Тоқаевтың қолы байлаулы екенін айтса да, жемқорлықпен күрес күшейер деп үміттенеді. Толығырақ оқу үшін мына сілтемені басыңыз.

Тоқаев шеруге рұқсат берілетінін айтады. Белсенділер сенбейді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews арнасына берген сұхбатында «елде бейбіт митинг өткізуге рұқсат беретін заң қабылданады» деді. Осыған дейін биліктен бейбіт жиын өткізуге рұқсат ала алмаған белсенділер Тоқаевтың сөзіне күдікпен қарайды.

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстанда бейбіт шеру өткізуге рұқсат беріле ме?

Билікті сынаған белсендінің психиатрлық ауруханадан кейінгі өмірі

Сот шешімімен екі жылдан астам уақыт психиатрлық ауруханада күштеп ем алған 63 жастағы Наталья Уласик темір тор, құрсаулы төсек, укол мен аурухана бөлмелері жоқ өмірге қайта бейімделуге мәжбүр. Жалғыз адамдық пикеттерге шығып танылған белсенді әлі бірнеше жыл тіркеуде тұрмақ. Мақалаға өту үшін мына сілтемені басыңыз.

Сайлау нәтижесіне тәуелсіз бақылаушылар неге наразы?

AzattyqLIVE хабарында 9 маусымда өткен Қазақстандағы президент сайлауының нәтижелері талқыланды. Хабарға сайлауда бақылаушы болған заңгер Серік Әбішев қатысты.

Your browser doesn’t support HTML5

Сайлау нәтижесіне тәуелсіз бақылаушылар неге наразы?