Аптаның үздік жеті хикаясы

Президент сайлауы күні болған наразылық шарасы кезінде шерушілер әрекетін бақылап тұрған полиция қызметкерлері. Нұр-Сұлтан, 9 маусым 2019 жыл.

Күнделікті қарбалас шаруамен жүріп Азаттықтың маңызды мақалаларын, видеорепортаждарын, фотогалереяларын көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны тағы бір мәрте қаперлеріңізге саламыз.

Путин көрші елдер тарихын неге жоққа шығарады?

Саяси сарапшылар Ресей президенті Владимир Путиннің соңғы бір жарым айда жасаған мәлімдемелерін тарихты өзінше бағалау емес, Кремльдің геосаяси мүддесін алға тарту деп таниды. Олар мұның астарында постсоветтік елдерге, оның ішінде Қазақстанға келетін қауіп барын айтады. Толығырақ оқу үшін >>>

​Үміт пен күдік. Арыстың қазіргі тіршілігі​

Арыста қару-жарақ қоймасы өртенген кезде снарядтар жарылып, үйлері қираған кейбір тұрғын «құрылыс дұрыс жүрмей жатыр» деп ренжиді. Жергілікті әкімдік «әрбір үйдің құрылысын жеке бақылап отырғанын» айтады. Толығырақ оқу үшін >>>

Қамау мен ұстау талқыланған ЕҚЫҰ жиынына Қазақстан билігі қатыспады

Шілденің 15-16 күндері Австрия астанасы Венада өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының адамзат өлшемдері бойынша қосымша жиынына Қазақстанның ресми орындары қатыспады. Құқық қорғаушылар жиында президент сайлауы қарсаңында және одан кейінгі күндердегі қамаулар мен ұстаулар талқыланғанын айтады. Толығырақ оқу үшін >>>

Бостандыққа шыққан алматылық мұғалім қайта қамалды

6 шілде күні билікке қарсы наразылық кезінде қамалып, бостандыққа шыққан Қалыс Нұрпейісов қайта қамалды. Мектеп мұғалімі Қалас Нұрпейісов бұған дейін де шеруге қатысқаны үшін әкімшілік жазаға тартылып, екі рет жауапқа тартылған.

Your browser doesn’t support HTML5

Бостандыққа шыққан белсенді қайта қамалды

Денис Тен қайтқалы жыл өтсе де полиция "реформаланып" бітпеді

Белгілі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің шабуылдан қаза тапқанына бір жыл толған кезде ішкі істер министрлігін реформалау қажеттігі туралы талқылау әлі басылған жоқ. Кезінде «әрекетсіздігі» үшін сыналған полиция қызметінде не өзгерді? Толығырақ оқу үшін >>>

​"Шаңырақ ісі" көмескі тартса да екі азамат әлі түрмеде отыр​

Алматыдағы "Шаңырақ оқиғасынан" бері 13 жыл өтсе де, осы іс бойынша ұзақ мерзімге сотталған Арон Атабек пен Құрманғазы Өтегенов әлі де түрмеден шықпады. Екеуі де қазір Павлодардағы уақытша қамау абақтысында отыр. Толығырақ оқу үшін >>>

Ұлттық кеңестен қандай үміт күтесіз?

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 17 шілдеде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы жарлыққа қол қойып, кеңес құрамын жариялады. Азаттық осы мәселені талқылады. Студия сарапшылары: журналист, азаматтық белсенді Жанболат Мамай және осы кеңеске мүше болған баспагер Бақытжан Бұхарбай.

Your browser doesn’t support HTML5

Ұлттық кеңестен қандай үміт күтесіз?