Қазақстандағы совет ескерткіштері

Совет дәуірінде коммунистік идеология дәріптеген тұлғалардың ескерткіштері "Сарыарқа" кинотеатрының сыртындағы алаңға қойылған. Алматы, 28 мамыр, 2023 жыл.

Совет Одағы орталық атқару комитетінің төрағасы болған Михаил Калининнің ескерткіші. Алматы, 28 мамыр, 2023 жыл.

Сол жақ шетте 1917 жылғы Қазан төңкерісіне қатысушыларға арналған ескерткіш  тұр. Оның тұғырына "Өшпес ерліктерің разы ұрпақ жүрегінде мәңгі жасайды. Октябрь, 1967 жыл" деп жазылған. Алматыдағы "Сарыарқа" кинотеатрының сыртындағы алаң. 28 мамыр, 2023 жыл.

1917 жылғы Қазан төңкерісіне қатысушыларға арналған ескерткіштің тұғырындағы жазу. Алматыдағы "Сарыарқа" кинотеатрының сыртындағы алаң. 28 мамыр, 2023 жыл.

"Сарыарқа" кинотеатрының сыртындағы алаңда совет мемлекетінің көсемі Владимир Лениннің, орыс совет жазушысы Максим Горькийдің, революционер большевиктер Михаил Калининнің, Павел Виноградовтың, Дмитрий Фурмановтың, Михаил Фрунзенің мүсіндері мен қазақ жерінде совет өкіметін орнату үшін күрескендерге арналған ескерткіш орналасқан. Алматы, 28 мамыр, 2023 жыл.

Совет әдебиетінің негізін қалаған пролетариат жазушы атанған Максим Горькийдің ескерткіші де "Сарыарқа" кинотеатрының сыртындағы алаңда тұр. Алматы, 28 мамыр, 2023 жыл.

Қарағанды қаласындағы Ленин ескерткіші.

Қарағанды облысы Теміртау қаласының шетінде тұрған Лениннің ескерткішін фотоға түсіріп жатқан адам. 8 қараша, 2022 жыл.

Кентау қаласына қарасты Ащысай ауылындағы клубтың ауласында тұрған Ленин ескерткіші. Оңтүстік Қазақтан облысы Кентау қаласы Ащысай ауылы, 5 қазан 2017 жыл.

Қостанай облысы Арқалық қаласындағы дала өлкесі музейінің алдында тұрған Ленин ескерткіші.

Қостанай облысы Рудный қаласындағы Ленин ескерткіші тұрған гүлзар.

Ресей Қазақстаннан жалға алып отырған Байқоңыр ғарыш айлағында тұрған совет көсемі Владимир Лениннің ескерткіші алдынан өтіп бара жатқан адам.

Павлодар облысы Екібастұз қаласындағы Ленин ескерткіші.