Тоқаев жолдауы, мемарнадан кеткен тілші, Назарбаевтың "чемпиондығы". Аптаның үздік жеті хикаясы.

Күнделікті қарбалас шаруамен жүргенде Азаттықтағы маңызды мақалаларды, видеорепортаждарды, фотогалереяларды көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны қаперлеріңізге тағы бір мәрте саламыз.

"Назарбаевтың сүйікті тезисі", "Кітапхана факторы" мен "уақытша адамның синдромы". Досым Сатпаев Тоқаевтың "жолдауы" жайлы

Саясаттанушы Досым Сәтпаев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың билікке келгелі екінші рет жариялап отырған халыққа жолдауын талдап, "Қазақстанда наразылық көңіл-күй күшейеді, елдің қоғамдық-саяси өмірінен басқа өзгеріс күтудің қажеті жоқ" деген қорытынды жасады.

"Халықтан қарғыс еститін жағдайға жеттік". "Сөз бостандығы шектелген" журналист Qazaqstan арнасынан кетті

34 жастағы журналист Ербол Мәндібек мемлекет иелігіндегі Qazaqstan ұлттық телеарнасынан "өз еркімен қызметтен кетті”. Он жылдан аса президент пулында хабар таратып, кейінгі үш жылдай уақыт арнайы тілші болған Мәндібек қазір телеарна басшылығы мен оның редакциялық саясатын сынаушыға айналды. Сұхбатты оқи отырыңыздар.

Қазақ-шешен жанжалына қатысқан марқұмның ісі. Белсенділер Тоқаевқа талап қойды

Кісі қолынан қаза тапқан 51 жастағы ащысайлық кәсіпкер, белсенді Нұрлан Ахметовтің жақындары марқұмның қырқын беруге әзірленіп жатыр. Бұған дейін бірнеше рет қастандыққа ұшыраған Ахметов ісі қазір ішкі істер министрлігінің тергеуінде. Полицияның бұған дейін қылмыстарды "аша алмағанын" айтқан бір топ белсенді тәуелсіз комиссия құрып, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа талап қойды.

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақ-шешен жанжалына қатысқан марқұмның ісі. Белсенділер Тоқаевқа талап қойды

"Назарбаевтың күшіктері" дегені үшін сотқа тартты. Белсенді Ербол Есхожиннің ісі

Нұр-Сұлтан сотында белсенді Ербол Есхожиннің қылмыстық ісі қаралып жатыр. Полицейлер оның сөзін қорлау деп қабылдаған. Тәуелсіз сарапшылар "Назарбаевтың күшіктері" деген сөз қорлауға жатпайды дейді. Былтырдан бері "заңсыз шеруге қатысқан" деген айыппен алты рет қамалып, жиынтығы 85 күн абақтыда отырған белсенді істің саяси астары бар деп санайды. Мақаланың толық нұсқасын мына жерден оқи аласыз.

"Бес балам бір смартфонға қарап отыр". Көп балалы отбасыларға қашықтан оқу мұң

Бүгін, 1 қыркүйек Қазақстанда жаңа оқу жылы басталды. Пандемияға байланысты оқушылар "кемінде бірінші тоқсанды" екі түрлі оқиды. Қашықтан және бастауыш оқушылары шектеулі баламен кезекші сыныпта білім алады. Ата-ананы компьютер мен интернет мәселесі қинайды. Ал мұғалімдер "кезекші сыныпқа және қашықтан оқитындарға сабақ беріп, екі рет сабыламыз" дейді. Жаңа оқу жылында мектептер жаңа форматта қалай жұмыс істейді? Қашықтан оқуға қандай жағдай жасалған? Компьютер пен интернет жете ме? Мұғалімдер мен ата-ана не дейді? Азаттық мақаласын оқығыңыз келсе, сілтемеге өтіңіз.

Пандемия Қазақстандағы және Орталық Азиядағы білім беру жүйесіне қалай әсер етеді?

Дүниежүзілік банктің пандемияның ғаламдық білім жүйесіне әсері жайлы болжамы көңіл көншітпейді. Азаттық осы ұйымның Орталық Азиядағы білім мәселесі жөніндегі жетекші маманы Айша Ваудадан індеттің Қазақстан мен Орталық Азияға қандай салдары болуы мүмкін екенін сұрады. Сұрақтың жауабын мына жерден таба аласыз.