Жібек жолы ауылын бала өлтіру қылмысы дүр сілкіндірді

Тал түсте үйінен сыртқа шыққаннан кейін жоғалып, кейін өлі табылған бес жасар сәбидің анасы (ортада) баласын жоқтап жылап тұр.

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылында бүгін полиция әдеттен тыс көп жүр. 14 шілде, 2023 жыл.

Кісі қолынан қаза тапқан сәбиін жоқтап, қайғыдан әбден әлсіреп қалған әйелге (ортада) медициналық жедел жәрдем қызметкерлері көмек көрсетіп жатыр. 14 шілде, 2023 жыл.

Жібек жолы ауылында кісі қолынан өлген сәбидің әкесі полиция күдікті ретінде ұстаған көршісімен араздығы жоғын, аралас-құраластығы болмағанын айтты.

Жібек жолы ауылында жүрген адамдар мен көшеде тұрған полицияның арнайы көлігі. 14 шілде, 2023 жыл.

Жібек жолы ауылында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекара бекеті орналасқан.

Кішкентай қыздың қазасы туралы хабар тарап, тұрғындар наразылық танытқаннан кейін, жұмаға қараған түні осы ауылдағы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекара бекеті жабылған.

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылы әкімдігінің алдында тұрған полиция қызметкерлері. 14 шілде, 2023 жыл.

Бүгін Жібек жолы ауылында полиция қызметкерлері мен көліктері жиі көзге шалынды. 14 шілде, 2023 жыл.