Қазақстанның биылғы қысы

Алматыға түскен қалың қар. Алматы, 20 қараша 2012 жыл.

Шығыс Қазақстан облысы Зырян қаласындағы қар. Қаңтар, 2013 жыл. Сурет әлеуметтік желіден алынды. 

Шығыс Қазақстан облысы Зырян қаласындағы қар. Қаңтар, 2013 жыл. Сурет әлеуметтік желіден алынды.

Өскемендегі қысқы қар тазалау жұмыстарына үш жүзге жуық техника пайдаланылды. Өскемен, 4 ақпан 2013 жыл. Суретті ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынды.

Шығыс Қазақстан облысы Зырян қаласындағы қар. Қаңтар, 2013 жыл. Сурет әлеуметтік желіден алынды. 

Өскемен қаласы әкімдігінің мәліметі бойынша, қысқы қар тазалау жұмыстарына қала бюджетінен жарты миллиард теңге кеткен. Өскемен, 4 ақпан 2013 жыл. Суретті ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынды.

Өскеменге қалың қар түсіп, жұрт қар күреуге жұмылды. 2 ақпан 2013 жыл.

Алматыдағы 300-ге жуық шіріген ағаш қалың қарды көтере алмай сынып, жаяу жүргіншілер жүретін жолдарды жауып қалды. 250-ге жуық электр сымдары үзілген. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, құлаған ағаштардан жетпіске жуық автокөлік зардап шеккен. Алматы. 5 желтоқсан. 2012 жыл.

Алматыда қарды тазалап үлгермей, жол жиегіне үйді. Бұл қала тұрғындарының жүрісіне кедергі келтірді. Алматы. 5 желтоқсан, 2012 жыл. 

Алматыда қалың қарды тазалау үшін жұмысшылар күні-түні жұмыс істеді. Қала көшелерінде кептеліс пен жол апаттары көбейді. Алматы. 5 желтоқсан 2012 жыл. 

Алматыда қыс бойы жауған қарды тазалауға 500-ге жуық техника жұмылдырылған. Қала бюджетінен тазалық жұмыстарына 2 миллиард теңге жұмсалған. Алматы, 5 желтоқсан 2012 жыл. 

Астанада жауған қардың қалыңдығы 60 сантиметрге дейін жетті. Астана, 19 қаңтар 2013 жыл. 

Астанадағы қарды тазалау үшін биылғы қыста 700-ден астам техника және 27 коммуналды шаруашылық жұмылдырылған. Астана, 19 қаңтар 2013 жыл.

Алматыда коммуналдық шаруашылық жұмысшылары қар тазалап үлгермегендіктен, оқушылар мен студенттер сенбілікке шықты. Қар тазалау жұмыстарын дұрыс атқармаған үш жеке компания келер жылы қыста тендерге қатысу құқығынан айырылды.  Алматы, 5 желтоқсан 2012 жыл.

Астанада биыл былтырғыдан үш есе көп қар жауды. Астана, 19 қаңтар 2013 жыл.

Қардан шыға алмай қалған көліктер. Семей, 26 желтоқсан 2012 жыл.