Қуаңшылық шаруаны қыспаққа алды. Егістік күйіп, арналар тартылып, мал-жан судан тарықты

Жамбыл облысы аумағының кіреберісіне қойылған белгі.

Бұл арыққа су келмегелі айдан асып кетті дейді Өрнек ауылының тұрғындары. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы, 26 тамыз, 2023 жыл.

Жоңышқа мен арпа егілген алқап қуаңшылық салдарынан биыл мүлде су көрмеген. Жамбыл облысы Талас ауданы Бостандық ауылы.

Жамбыл ауданы Өрнек ауылындағы суы тартылған арықтың басында тұрған адам.

Жамбыл ауданындағы кекіре басқан егістік алқабы.

Қуаңшылық салдарынан қурап қалған жүгері егілген алқап. Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылы.

Байзақ ауданы Бурыл ауылындағы кеуіп жатқан арық.

Жамбыл облысы Ерназар ауылында ағаштың қурап бара жатқан жапырағын жеп жатқан сиыр.

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Өрнек ауылы. 26 тамыз, 2023 жыл.

Шаруа Бақтығали Қоскелбаев құрғақшылық кесірінен қатты шығынға батқанын айтады. Жамбыл ауданы Өрнек ауылы.

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылындағы суы тартылған каналдардың бірі.

Өрістен қайтқан малды күтіп отырған Ерназар ауылының тұрғындары.

Қуаңшылық салдарынан қурап қалған жүгері егілген алқаптардың бірі. Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылы.

Құрғақшылық салдарынан шаруалары шығынға батқан Өрнек ауылы.

Жамбыл облысындағы шаруаларға биылғы қуаңшылық қатты тиді. Егістігі күйіп кеткен төрт жүздей шаруа миллиардтаған теңге зиян шекті. Көрші Қырғызстанның Киров су қоймасынан келетін су бес есе азайып, кейін мүлде тоқтады. Ауылдарда су арналары кеуіп, мал судан тарықты.