Соғыс басталған тұстағы фотолар

Германияның Совет Одағына шабуыл жасағанына байланысты өткен митинг. Алматы, 1941 жыл.

Әскерге жазылуға келген еріктілер. Алматы, 1941 жыл.

Әскери дайындықтан өтіп жатқан азаматтар. Алматы, 1941 жыл.

Германияның Совет Одағына шабуыл жасағанына байланысты өткен митинг. Алматы, 1941 жыл.

Паровоз депосындағы өзін-өзі қорғау жасағының жаттығулары. Шымкент, 1941 жыл. 

Жалпы әскери оқу. Әйелдер кавалериялық жасағы. Жаркент, 1941 жыл.

316-атқыштар дивизиясының жауынгерлері вагонға беттеп барады. Алматы, 1941 жыл. 

316-атқыштар дивизиясының жауынгерлерін майданға шығарып салған сәті. Алматы, 1941 жыл.  

Мемлекетке астық тапсыру. Алматы облысы, 1941 жыл. 

Бұл фотографияға "Үй шаруасындағы Л. Дубровская майданға арналған қорға алтын сырғасы мен күміс ыдыс-аяғын өткізіп тұр. Алматы, 1941 жыл" деген сипаттама жазылған. 

СССР ақпарат бюросының майдандағы жағдай туралы мәліметін тыңдау сәті. Павлодар, 1942 ж.

Фотография сипаттамасында "8-гвардиялық панфиловшылар дивизиясы командирлері Бауыржан Момышұлы мен Дмитрий Снегин жоспарды талқылап тұр. Мәскеу түбі, 1941 жыл" деп жазылған.  

Талғат Бигелдинов (сол жақтан санағанда екінші тұр) майдандастары арасында тұр. Украина, Кировоград қаласы, 1943 жыл.

Совет Одағының батыры Мәлік Ғабдуллин ақын Жамбыл Жабаевтың үйінде қонақта отыр. Алматы облысы Ұзынағаш ауылы, 1943 жыл.

Архивте бұл фотографияға "К. Ұлыбаев - мерген (оң жақта) майдандастарының арасында. 1944 жыл" деген сипаттама жазылған.