Абай ескерткіштері

Абай ескерткіші маңына жиналған ресейлік белсенділер. Белсенді Алексей Навальный полиция наразыларды кезекті рет қуып-таратқаннан кейін, мамырдың 8-інде демонстранттарды Чистые пруды тоғанының қасындағы Абай ескерткішінің маңына жиналуға Twitter арқылы шақырды. Оның Абайды «түсініксіз қазақ» («непонятный казах») деп сипаттауы қазақстандық Twitter қолданушылардың шамына тиіп, қызу талқыланды. Навальный бұл сөзі үшін кешірім сұрап, соңынан Абайдың кім екенінен хабардар болғанын жариялады. Бұдан соң Путин режиміне қарсы шыққан ресейліктер үшін Twitter-де #Оккупай Абай хэштегі танымалдығы жағынан бірінші орынға шықты. Абай ескерткіші наразылардың жиын орнына айналып, олар Абай өлеңдері жинағының орысша аудармасын да басып шығарды. Мәскеу. 9 мамыр 2012 жыл.

Азаматтық белсенді Алексей Навальный жақтастарымен бірге Путиннің кезекті мәрте инаугурациясына қарсылық білдіріп тұр. Мәскеу. 8 мамыр 2012 жыл.

Мәскеудегі Абай ескерткіші.

Иран ұлттық кітапханасындағы Абайдың мүсіні. Тегеран, 28 қыркүйек 2010 жыл.

Абай метростанциясындағы Абайдың барельефі. Алматы. 9 қаңтар 2013 жыл.

Кезекті "Абай оқулары". Алматы. 10 тамыз 2009 жыл. 

Алматыдағы Абай ескерткші түбінде өтетін "Қарсылық жиынын" бақылауға келген полицейлер. Олар Абай ескерткішін қоршап алған. "Қарсылық жиыны" Жаңаөзен оқиғасынан кейін жарты жыл ай сайын осы ескерткіштің түбінде өткізіліп тұрды. Алматы. 28 қаңтар 2012 жыл.

Алматыдағы Абай ескерткіші алдындағы "Қарсылық жиынына" келгендер тарқап жатыр. 2 маусым, 2012 жыл. Республика сарайы жағынан қарағандағы көрінісі. 

Шымкент қаласындағы Абай ескерткіші. 24 мамыр, 2012 жыл.

Астанадағы Абай ескерткішінің жақыннан көрінісі. 22 мамыр 2012 жыл.

Семей қаласындағы Абай ескерткіші. 

Абай ауданының орталығы Қарауылдағы Абай ескерткіші. Сурет Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының ресми сайтынан алынды.

Қарауылдағы Абай ескерткіші. Абай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы. 5 маусым 2011 жыл.

Жидебайдағы Абай музейіндегі ақын ескерткіші. Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы. 30 шілде, 2009 жыл.