Ақтөбеде тағы бір адам полициямен атыста көз жұмды

Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз-хатшысы Алмат Иманғалиев. Ақтөбе, 9 шілде 2011 жыл.

Полицияның айтуынша, бұл оқиғаның Шұбарши мен Кеңқияқтағы атыстарға еш қатысы жоқ. Ал жергілікті тұрғындар Ақтөбенің соңғы уақытта не себепті атыс пен жарылыс ошағына айналып кеткенін орай әртүрлі пікір айтады.

Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, өткен түні қаладағы көп қабатты үйлердің бірінде полициямен арада болған қақтығыстан бір адам қаза тапқан.

«ПОЛИЦИЯНЫҢ ӘРЕКЕТІ ЗАҢДЫ»

Полицияның айтуынша, бұл адам демалыс күнгі қарулы қақтығыс кезінде қаза тапқан 22 жастағы жігіттің өліміне қатысты болуы мүмкін.

– Ағайынды Жұбановтар көшесінде 1987 жылы туған төртінші күдікті Оразбеков Тимур Аббасұлын құрықтау кезінде ол пәтер ішінде полицейлерге қарулы қарсылық көрсетті. Тұрғындар қауіпсіз жерге
Операция барысында күдіктінің көзі жойылды. Оқиға орнынан он алтыншы калибрлі ТОЗ маркалы шолақ мылтық табылды

шығарылды. Операция барысында күдіктінің көзі жойылды. Оқиға орнынан он алтыншы калибрлі ТОЗ маркалы шолақ мылтық табылды, – деді Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз-хатшысы Алмат Иманғалиев шілденің 26-сы күні өткен брифингте.

Полицияның айтуынша, қарулы қақтығысқа ұласқан оқиға шілденің 10-ы күні басталған. Дәл осы күні түнде белгісіз топ «Мазда» автокөлігін мінген 22 жастағы жігітке оқ атып, мерт еткен.

Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, дүйсенбі күні қалада жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде осы қылмысқа қатысы бар төрт күдікті ұсталған. Олардың екеуі – 1985 жылы, екеуі – 1987 жылы туған азаматтар. Олардың үшеуі дүйсенбі күні күндіз ұсталған. Сонда полицияға қарсылық танытқан төртіншісі қаза тапқан Тимур Оразбеков болып шығады.

– Полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттін прокуратура заңды деп шешті. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, – дейді Алмат Иманғалиев.

«ШҰБАРШИ МЕН КЕҢҚИЯҚҚА ЕШ ҚАТЫСЫ ЖОҚ»

Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз-хатшысы Алмат Иманғалиев Азаттық тілшісімен сұхбатта демалыс күнгі қақтығыстың себептері анықталып жатқанын айтты.

– Біздің ойымызша, бұл – криминальдық қақтығыс. Себебі қаза тапқан 22 жастағы жігіт жақында түрмеден шыққан болатын, – дейді Алмат
Нұрлыбек Үргешбаев полицейлердің өліміне күдікті деген топ пен арнайы жасақ арасындағы атыстан қалған белгіні көрсетіп тұр. Ақтөбе облысы, Кеңқияқ ауылы, 10 шілде 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Иманғалиев.

Ол мұның «Шұбарши мен Кеңқияқта болған оқиғаларға еш қатысы жоқ екенін» де айтып өтті.

Естеріңізде болса, шілде айының басында Ақтөбе облысы Темір ауданында екі полицейді өлтірген қарулы топқа қарсы арнайы операция басталып, оннан астам адам қаза тапқан еді. Кейіннен Ақтөбе полициясы бұл азаматтарды көптен бері «діни идеяларды жамылып, Кеңқияқ пен Шұбарши маңындағы құбырлардан мұнай ұрлап, т.б. қылмыс жасаған» ұйымдасқан қылмыстық топпен байланыстырған болатын.

«БАЙЛАР МЕН КЕДЕЙЛЕР»

Ақтөбенің соңғы кездері не себепті атыс-шабыс, жарылыс ошағына айналып кеткеніне байланысты қала тұрғындары әр түрлі пікір айтады.

Адам құқығын қорғау бюросының Ақтөбедегі бөлімшесінің жетекшісі Ольга Климонованың пікірінше, Ақтөбе «мұнайлы өлке болғандықтан мұнда әртүрлі мүддені көздейтін топтар жиналған».

– Ал мұндай топтар бар кезде қарапайым халыққа ештеңе де қалмайды. Мұнда байлар мен кедейлер арасында шекара айқын білінгендіктен – ерте ме, кеш пе – бұл қайнап жатқан қазан ернеуінен асып төгілетін еді, – дейді Ольга Климонова.

Ол бұл өңірде әкімнің ауысуынан бірдеңе өзгеретініне жұрттың сенбейтінін айтады. «Себебі жүйе сондай. Ал жергілікті билік бәрін күшпен шешкісі келеді» дейді ол.

Ольга Климонованың айтуынша, Ақтөбе тұрғындары соңғы жағдайларға мазасызданып отыр.

– Ұлттық қауіпсіздік комитетінде болған «терактіден» кейін қалада сақал қоятын немесе орамал тағатындардың көп екені бірден байқалып қалды. Әлгінде ғана автобуста бір жанжалға куә болдым. Орамал тағып, толықтай жабық киінген әйел баласын біреулердің ренжітіп жатқанына шағымданып, автобусты басына көтере айғайлап, жұрттың бәрін өзіне
Өздері құны 10-30 мың доллар аралығындағы көлік мінеді. Ақшаны қайдан алып жатқаны түсініксіз

қаратты. Ал автобуста оның қарсыласын қорғап ешкім сөз айта алмады. Себебі жұрт ондайлардан қорқады. Осылай киінген адамдардың аяқ астынан байығагы сезіліп қалды. Өздері құны 10-30 мың доллар аралығындағы көлік мінеді. Ақшаны қайдан алып жатқаны түсініксіз. Мұның барлығы көрініп тұр. Себебі біз осы жерде тұрамыз ғой, – дейді Ольга Климонова.

«ТОПТАРДЫҢ ҚАҚТЫҒЫСЫ»

Жергілікті биліктің бұл оқиғаларға қатысты ләм-мим демей жатқанына шағымданған Ақтөбе тұрғыны Ерғали Бектемісов қазір халықтың кімге сенерін білмей, дағдарып отырғанын айтады. Оның пікірінше, соңғы кездегі оқиғалардың астарында ірі-ірі топтар арасындағы өзара қақтығыс жатуы да ықтимал.

– Қазір Ақтөбеде біреу артық бірдеңе айтудан қорқады. Ал жергілікті халық ештеңе білмейді. Әлгіндегі Шұбарши, Кеңқияқты алыңыз. Ондағы азаматтардың кім екені турасында полиция жөнді ештеңе айтқан жоқ. Онда анық не болғаны түсініксіз. Меніңше, бұл оқиғалардың артында мұнайды өмір бойы ұрлап келе жатқан топтар арасындағы қарама-қайшылық жатқан сияқты. Олар өзара бөлісе алмаған сияқты. Енді оны терроризмге итеріп қояды, – дейді Ерғали Бектемісов.