Алматыдағы дуатлон жарысы

Жарыстың бірінші кезеңінде қатысушылар Алматыдағы тұңғыш президент саябағында 4 шақырым қашықтыққа жүгіруден сынға түсті.

Дуатлон жарысына қатысушылар.

Мәреге дейін сәл ғана қалды...

Дуатлонның екінші кезеңінде Алматыдағы әл-Фараби даңғылы бойымен 20 шақырымға велосипедпен жарыс өтті.

Велосипедпен жарысып бара жатқан дуатлонға қатысушылар.

Алматыдағы дуатлонға әлемді велосипедпен аралап шыққан қазақстандық саяхатшы Мағжан Сағымбаев та қатысты.

Әл-Фараби даңғылы бойында Almaty Duathlon 2015 жарысын қызықтап тұрған алматылық байкер.

Әл-Фараби даңғылы бойында жарысқа түскен велошабандоздар.

Жарыстың үшінші кезеңінде оған қатысушылар тағы да 4 километрге жүгіруден сынға түсті.

Мәреге де жеттік-ау! 

Almaty Duathlon 2015 жарысына қатысушы Катсуя Ишизаки Жапония туын көтеріп ұстап келеді. 2 тамыз 2015 жыл.

Ортада арбада отырған - шаңғымен тұғырдан секіруден 2011 жылғы Азия ойындарының чемпионы, қазақстандық спортшы Евгений Левкин. 2 тамыз 2015 жыл.

Дуатлон жарысына қатысушылар.

Дуатлонға қатысушылар мен жанкүйерлер естелік суретке түсті.