Наурызға дайындық

Наурыз мерекесіне арнап Алматы әкімшілігі ғимаратының алдына тігіліп жатқан киіз үй.

Республика алаңына тігілген киіз үйлер.

Жұмысшылар Наурыз мерекесі өтетін алаңға уақытша сахна құрып жатыр.

Наурыз мерекесіне орай көше бойына жалаулар ілінді.

Панфилов пен Қабанбай көшесінің қиылысына Наурыз мерекесімен құттықтаған билборд іліп жатқан жұмысшылар.

Жұмысшылар 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы құрбандарына арналған ескерткішті Наурыз мейрамы қарсаңында жуып жатыр.

Наурыз мейрамына дайындық кезінде көліктердің жүруіне тыйым салынған бос алаңда велосипедпен келе жатқан адам.

Наурыз мерекесіне арналған шара өтетін Республика алаңы жабылғандықтан Сәтпаев пен Желтоқсан көшелері көлікке толып қалды.

Көлік кептелісі кесірінен аялдамаға жете алмаған кейбір автобустар жолаушыларды жол ортасына түсіріп жатыр.