Алматының эмоциясы

Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) шешім шығару сәтін Алматы халқы Республика сарайының алдында күтті. 

Республика алаңы алдына 400 жуық адам жиналды. Көбі - студенттер, мемлекеттік қызметкерлер, зейнеткерлер мен волонтерлар. 

Олимпиада өткізетін қаланы анықтар сәт алдында ұйымдастырылған флешмоб.

Олимпиада қабылдайтын қаланың шешімін күткен Алматы тұрғындары.

Алматының үміткер қала ретіндегі видео ролигін тамашалап тұрған волонтерлар.  Алматы. 31 шілде 2015 жыл. 

Шешім жарияланар алдындағы сәттер.

Пекиннің жеңісі жарияланған сәттегі алматылықтардың реакциясы.

Жеңімпаз қала белгілі болған соң алаңды жинау сәті.

2022 жылғы қысқы олимпиада өтетін қаланы жариялайтын сәтті Алматы тұрғындары Республика сарайының алдында күтті. Фото авторы - Балжан Балташева.