Аяз Аталар шеруі

Алматыдағы Аяз Аталар шеруін баласымен бірге қызықтап тұрған әйел.

Алматыда шеруге шыққан Аяз Аталар жол-жөнекей кезіккен барша жұртты алда келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Аяз Аталар шеруіне қатысушылардың кейбірі велосипед мініп шықты.

Аяз Аталар шеруіне қатысушылар.

Аяз Аталар шеруіне қатысушылар өткен-кеткен жұртпен амандасып, оларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Аяз Аталар Абай даңғылымен жүріп өткен кезде жол бойындағы бағдаршамдарда жасыл белгі жанып тұрды.

Жексенбі күні Аяз Аталар шеруіне қатысушылардың барлығының жүзінде күлкі болды.

Алматыдағы Аяз Аталар шеруіне бірнеше Ақшақар да қатысты.

Аяз Аталар шеруінің бас-аяғы бірнеше ондаған метрге созылды.

Алматыдағы Аяз Аталар шеруіне үлкендер де, балалар да қатысты.