Панасыз Гүлжаханның тұрмысы

Гүлжахан жалдап тұрып жатқан пәтер. Оның алты баласы бар, үлкені Арман – 15 жаста, Балқия – 14 жаста, Мөлдір – 12 жаста, Қапиза – 5 жаста және егіз ұл Нұрбатыр мен Нұрқадыр – биыл бірге енді толған. Алматы, Алатау ауданы, 6 маусым 2016 жыл.

2001 жылы Өзбекстаннан қоныс аударған 38 жастағы Гүлжахан Құрбантаева.

Азаттық тілшісі барғанда Гүлжаханның көзі көрмейтін анасы жиендерінің бірімен есік алдында отырды. 

Бір жасқа енді толған егіздер – Нұрбатыр мен Нұрқадыр. Гүлжахан екі ұлына бір жасқа толғанға дейін үкіметтен 34 мың теңге жәрдемақы алып келген, осы айда бұл жәрдем тоқтаған екен. Қазір көпбалалы келіншек кәмелетке толмаған алты баласына ай сайын 9400 теңге жәрдемақы алады. 

Бір жасқа енді толған Нұрбатыр. Анасы Гүлжахан «Шаңырақ» ықшам ауданында жалдап отырған аядай баспанасына айына 25 мың төлейді. 

Гүлжаханның сотталып кеткен күйеуі егіз ұлдарын көрмеген. Алдымен Қарағанды түрмесінде жазасын өтеген күйеуі биыл көктемде Қапшағайдың түрмесіне ауыстырылған. Гүлжахан енді күйеуіне егіз ұлын алып барып көрсетуге әрекет етпек.

5 жасар Қапиза (ортада) көршінің қыздарымен ойнағанды ұнатады. маусым 2016 жыл. Ал оның 14 жасар әпкесі Балқияны әкесі (Гүлжаханның бұрынғы күйеуі - ред.) Өзбекстанға алып кеткен. Бұл отбасының Балқияны көрмегендеріне үш жыл болған.  

Егіздің сыңары Нұрбатыр Азаттық тілшілерін қызықтаумен болды. 

Шағын ғана екі бөлмелі үйдің кіреберісінде ыдыс жуып тұрған Мөлдірдің дауысы әдемі екен. Азаттық тілшілері барғанда ол ана туралы ән айтып жүрді. 

5 жасар Қапиза есік алдынды сыпырып, анасына көмектесуге тырысады. 

Гүлжаханның бар арманы - үй салатын жер алу. "Жерім болса, қайыр сұрасам да кішкентай үй салып алар едім. Қазіргідей көрінгеннің есік алдында жүрмей. Өстіп жүріп бөтеннің босағасында өліп кетемін бе деп қорқамын" дейді келіншек.