Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты

Әлем чемпионатының ашылу салтанатында қазақтың салт-дәстүріне байланысты сахналанған көріністер мен билер қойылды. Алматы, 8 қараша 2014 жыл. Сурет әлем чемпионатының ұйымдастыру комитетінен алынды.

Әлем біріншілігінің ашылу салтанатынан көрініс. Алматы, 8 қараша 2014 жыл. Сурет ұйымдастыру комитетінен алынды.

Әлем чемпионатының ашылуы салтанатындағы сахналық көрініс. Алматы, 8 қараша 2014. Cурет ұйымдастыру комитетінен алынды.

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының ашылу салтанатындағы жарысқа қатысушы елдердің шеруі. Алматы, 8 қараша 2014 жыл. Сурет ұйымдастыру комитетінен алынды.

2011 жылы Қытайдан келіп, Қазақстан азаматтығын алған Арли Чонтей (ортада) 56 килограмм салмақ дәрежесінде қоссайыс қорытындысы бойынша 274 килограмм көтеріп, алтыншы орын алды. Жарыстан кейін Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни (сол жақта): "Өзінің алғашқы әлем чемпионатында Чонтей жарыс алдында өзіне жүктелген алтылыққа ену міндетін орындады" деді.

2012 жылғы Лондон олимпиадасының чемпионы, 2013 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы, биылғы Азия ойындарының чемпионы солтүстік кореялық Ом Ун Чол (ортада) Алматыдағы жарыста 296 килограмм көтеріп, алтын медаль иеленді. Суретте: Әлем жеңімпазына алтын жүлдені Қазақстан спорт және мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы табыс етті. Алматы, 8 қараша 2014 жыл.

Вьетнам елінің өкілі жиырма жастағы Ким Туан Тхать қоссайыс қорытындысы бойынша 296 килограмм көтеріп, күміс жүлдегер атанды. Ол алтынды жеңіп алған Ом Ун Чолмен бірдей салмақ көтерді, бірақ денесінің салмағы қарсыласынан 45 грамм артық болғандықтан екінші орын алды.  Вьетнамдық спортшы Алматыдағы чемпионатта жастар арасындағы әлем рекордын жаңартты. Алматы, 8 қараша 2014 жыл.

2008 жылғы Пекин олимпиадасының чемпионы қытайлық Лон Цингуан Алматыдағы әлем чемпионатында қола медаль иеленді. Суретте: Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президенті Томаш Аян (сол жақта) Лон Цингуанға әлемдік жарыс жүлдесін тапсырып жатыр. Алматы, 8 қараша 2014 жыл.