Астана күні полиция алаңдарды бақылауға алды

Алматыдағы мерекелік концерт өтетін Астана алаңында тұрған полиция қызметкерлері. 6 шілде 2018 жыл.

Полиция қызметкерлері Астана алаңында бір адамды ұстады. Олар Азаттық тілшісіне ер адамды не үшін ұстағаны туралы түсінік бермеді. Алматы, 6 шілде 2018 жыл.

Полиция Астана алаңына келген адамның құжаттарын тексеріп тұр. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, кейін полиция бұл адамды көлікке салып алып кеткен. Алматы, 6 шілде 2018 жыл.

Астана алаңы маңындағы қоршау жанында тұрған полиция қызметкері. Алматы, 6 шілде 2018 жыл.

Астанадағы мерекелік шара өтіп жатқан EXPO қалашығында тұрған полиция қызметкері. 6 шілде 2018 жыл.

Астанадағы мерекелік шара өтіп жатқан EXPO қалашығында жүрген тұрғындар мен полиция қызметкерлері. 6 шілде 2018 жыл.

Қазақстан 2018 жылы шілденің 6-сында Астана қаласының 20 жылдығын тойлады. Мемлекеттік мереке деп жарияланған бұл күн ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев туған күнімен "дөп келеді". Астананы биыл 78 жасқа толған Назарбаевтың "перзенті" деп атайды.

Суретте: Шымкент қаласының орталық алаңындағы жазу.

Астана мен Алматы және басқа қалаларда полиция күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілген. Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, Ақтау мен Шымкентте орталық алаңдарды полиция бақылауына алған.

Суретте: Шымкент қалалық әкімдігі жанында тұрған полиция қызметкерлері.

Шымкенттегі Әл-Фараби даңғылы бойында қызмет көлігінің жанында тұрған полиция өкілі.

Билік өкілдері орталық алаң және әкімшілік ғимараттары маңында полиция бақылауының күшейтілуін "мереке күніне байланысты қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатындағы шаралар" деп түсіндіреді.

Суретте: Ақтау қаласының орталық алаңы маңында тұрған полиция көліктері.

Ақтау қаласындағы Ынтымақ алаңы маңында тұрған полиция көліктері.

Шымкенттегі Әл-Фараби даңғылы бойында жүрген полиция қызметкерлері.