Грант санының артуы маман сапасына әсер ете ме?

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстанның ресми ресурстарында білім гранттарын иеленген елу мың түлектің аты-жөні жарияланды. Былтыр 30 мың білім гранты тағайындалған. Биыл 50 мың талапкер бюджет есебінен тегін оқуға мүмкіндік алды. Білім министрлігі өкілдерінің айтуынша, Қазақстанда келер жылы да білім грантының саны артпақ.