«Әлеумет тілшісі» байқауына бейнесюжет қабылдау аяқталды

Көрнекі сурет.

Азаттықтың Facebook желісіндегі оқырмандары арасындағы видеобайқауына видео немесе бейнесюжет қабылдау аяқталды. Қатысушылардың ел арасынан шыққан тілші ретінде жіберген сюжеттерінің 21-і іріктеліп алынды.

1-29 ақпан арасында Азаттық сайтының «Хабар - сізден» айдары және WhatsApp нөмірі (+7 777 328 38 88) арқылы көптеген видеолар мен бейнесюжеттер келіп түсті.

Видеобайқау шарттарына сәйкес, олардың ішінен 21-і іріктеліп алынып, Азаттықтың Facebook парақшасына жарияланды.

Видео немесе бейнесюжеттерді қабылдау ақпанның 29-ы күні аяқталғанымен, оларға дауыс беру наурыздың 8-іне дейін жалғасады. Ең көп «лайк» жинаған және бөлісілген видео иесі жеңімпаз деп танылады да, сыйлық ретінде iPhone 6S смартфонын иеленеді.

Дауыс берудің наурыздың 8-і күнгі сағат 24:00-ге дейін жалғасатынын ескертеміз. Байқаудың жеңімпазы наурыздың 9-ы күні анықталады.