Қарттар үйінде зейнетақы неге қысқарды?

Әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы департаменті басшысы Зиядин Ағыбетов (оң жақта) пен Азаттық жуорналисі Қасым Аманжол. Алматы, 29 ақпан 2016 жыл.

AzattyqLIVE қарттар үйіндегі қариялар зейнетақысы қысқаруы және өзге де жәрдемақылар мәселесін талқылады. Хабар қонағы - әлеуметтік қорғау саласы маманы Зиядин Ағыбетов болды.

Бүгінгі бағдарлама сарапшысы - денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы департаменті басшысы Зиядин Ағыбетов.

Your browser doesn’t support HTML5

Қарттар 70% зейнетақысын мемлекетке беруіне қатысты аудио подкаст

Қазақстанда қарияларға арналған медициналық-әлеуметтік арнайы мекемелерде төрт мыңнан астам азамат тұрады. «Зейнетақы туралы» және «Мүгедектiгi, асыраушысынан айырылуы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттік жәрдемақылар туралы» заңдарға енгізілген жаңа өзгерістерге сай енді қарттар үйінде тұратын әр зейнеткердің пенсиясынан 70 пайыз мемлекет есебіне ұсталып отырады. Бұл жаңалық қарттар үйіндегі кейбір қариялардың наразылығын туындатып, олар Азаттыққа президент Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жазғандарын хабарлаған еді.

Оқи отырыңыз: Қарттар үйіндегілер зейнетақыны қысқартуға наразы

Осы ретте оқырман және Азаттық сауалдарына зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақылар мәселесі бойынша әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы департаменті басшысы Зиядин Ағыбетовке жауап берді.

Your browser doesn’t support HTML5

Қарттар үйінде зейнетақы неге қысқарды?