AzattyqLIVE: Биылғы тарихи даталар

"Қазақ" газеті құрылтайшылары, Алашорда автономиялық үкіметінің жетекшілері (оңнан солға қарай) Міржақып Дулатұлы, Әлихан Бөкейхан және Ахмет Байтұрсынұлы. (Көрнекі сурет)

AzattyqLIVE-тың тарихшы Мәмбет Қойгелді қатысқан хабарында 2016 жылы Қазақстанда аталып өтілуі тиіс тарихи даталар сөз болды.

2016 жылы Қазақстанда Алашорда автономиялық үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханның туғанына - 150 жыл, қазақтардың 1916 жылғы көтерілісіне 100 жыл толады.

Қазақстан тарихындағы орны ерекше, биыл еске алынатын өзге де даталар жайында тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Қойгелді әңгімеледі. Ғалым «Тарихтағы маңызды оқиғалардың айтылмай жүрген тұстары қандай? Оларды атап өтудің бүгінгі қоғамға беретін сабағы не?» деген сауалдарға да жауап берді.

Your browser doesn’t support HTML5

AzattyqLIVE: Биылғы тарихи даталар (1-бөлім)

Your browser doesn’t support HTML5

AzattyqLIVE: Биылғы тарихи даталар (2-бөлім)