AzattyqLIVE: Оппозицияның мәжіліске өтуі мүмкін бе?

Қоғам белсендісі Жасарал Қуанышәлин мен Азаттық тілшісі Кенжебек Нұрқасенұлы. Алматы, 12 ақпан 2016 жыл.

Қазақстанда соңғы бірнеше сайлауда парламентке билікті қолдайтын күштер ғана өтіп келген. Бұл сайлау өзгеріс әкеле ме? AzattyqLIVE белсенді Жасарал Қуанышәлинмен осы жайлы талқылады.

Қазақстанда соңғы бірнеше сайлауда парламентке тек билікті қолдайтын күштер ғана өтіп келген. Ал 2012 жылғы парламент сайлауына оппозициялық партиялар бойкот жариялаған еді.

Биыл 20 наурызға белгіленген кезектен тыс парламент сайлауына билік елде ресми тіркелген жеті партияның қатыса алатыны туралы жариялаған соң олардың алтауы сайлауға өз үміткерлерін ұсынды.

Осы кезге дейін ресми тіркеуден өткен бес саяси партияның арасында өзін оппозицияшыл санайтын Жалпыұлттық социал-демократиялық партия да бар.

AzattyqLIVE бұл жолғы хабарында қоғам белсендісі, бұрынғы Жоғары Кеңес мүшесі Жасарал Қуанышәлинмен алдағы парламент сайлауын талқылады.

Хабардың видеосын төменнен көре аласыздар.

Your browser doesn’t support HTML5

AzattyqLIVE: Оппозиция мәжіліске өте ме?