Қойшының тіршілігі

Арапбай Нұрбеков тоғыз жылдан бері қырдағы осы баспанада отбасымен тұрады.    

Арапбайдың келіншегі, үш баланың анасы Рахиманың келін болып түскеніне 10 жыл, бұл қораға көшіп келгеніне 9 жыл болған. Отбасының қыстауы да, жайлауы да осы қора. Ол «Биыл жаңбыр жоқ, шөп шықпады. Жүгерінің кептірілген сабанын жинап алуға тырысып жатырмыз» дейді. Келіншек күйеуі Арапбайдың сабан жинауға кеткенін айтты. 

Шөп іздеген жылқы.

Арапбайдың інісі Әлібектің айтуынша, соңғы үш-төрт жылда өлкеде шөп шықпай кеткен. «Қырда қора көбейіп кетті. Жауын-шашын азайды. Шөп жоқ. Қазір қырда шөптен қурай ғана қалды деуге болады. Ол малға азық емес. Қойлар көтерем болып өліп жатыр. Жылқылар да аш. Мысалы, биыл бес байтал көтерем болып, өліп қалды» дейді ол.

Желмен бірге сыңсыған дала қурайы.

Өріске шыға алмайтын көтерем қойлар.

Арапбайдың көршісі шамамен үш шақырым қашықтықта тұрады.

«Даладан шөп таппаған жылқылар қорадан шықпай жүр» дейді Әлібек.

Қойшылар қойды мотоциклмен қайырады.

9-сынып оқушысы Жандос сабақтан босағанда ағасына көмектесу үшін қой бағады.

Құдық басына дейін электр желісі тартылған. Қойшылар құдықтан суды мотормен сорып шығарады. Оны күнге жылытқаннан соң мал суарады.

Құдық Совет Одағы кезіндегі шаруашылықтан қалған.  

Құдық басында су ішіп тұрған бие.

Мұндағы бұрыннан келе жатқан проблеманың бірі - ауызсу тапшылығы. Әлібек Анарбай «Осы құдыққа үш жарым тонна су сыяды. Оны 10 мың теңгеге сатып аламыз, 15-20 күнге жетеді» дейді.

Суретте: Арапбай інілерінің бірі су ішіп тұр. 

Арапбайдың шаруашылығында жылқыға, сиырға, қойға жеке-жеке қора жасалған.

Үйдің жанындағы қойдың қоршауы.

«Қойды жылына екі рет қырқамыз. Қазір жүнді ешкім алмайды. Сондықтан оны қоқысқа тастаймыз» дейді қойшылар.

Мұндағы алты отбасының біріккен отарында бес жүзден аса қой бар.

Рахима алты айлық кенжесін серуенге алып шықты. 

Мал қоритын екі иттің бірі.

Қорада енесінің маңдайын иіскеп тұрған қодық. 

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы қойшылар қуаңшылықтан шөп шықпай, малдың көтерем болып жатқанын айтады.