AzattyqLIVE: Мектеп пен мұғалімнің бүгінгі ахуалы

AzattyqLIVE хабарының қонағы, «Ұрпақ тағдыры - білімде» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерсайын Ерқожа (оң жақта) және журналист Қасым Аманжолұлы.

Бүгін AzattyqLIVE хабарында соңғы уақытта жиі көтеріліп жүрген мектептегі тегін тамақ, оқулықтар сапасы, мұғалімнің қоғамдағы беделі туралы талқыланды.

2015-16 жаңа оқу жылында кейбір аймақтардағы бастауыш сыныптарда берілетін тегін тамақ алынып тасталды; «тарих», «география» сияқты пәндердің кей оқулықтарындағы қателіктер Украина елшілігінің Қазақстан сыртқы істер министрлігіне наразылық білдіруіне ұласты; мұғалімдерді өз міндетінен тыс жұмыстарға қатыстыру, концерттерге билет алғызып, газет-журналға мәжбүрлі түрде жаздыру сияқты жағдайлар жөнінде де баспасөзде жиі айтылады.

Оқи отырыңыз: Мұғалімдер шөп орып, көше тазалағанын да айтады

Your browser doesn’t support HTML5

Мектеп туралы әңгіме (1-бөлім)

Қазақстан мектебіндегі осы тақілеттес проблемаларды шешудің жолы бар ма? Сапалы білімге қайтсек қол жеткіземіз? Мұғалім мәртебесін бағалауға не қажет? Бұл сауалдарға AzattyqLIVE хабарының осы жолғы қонағы «Ұрпақ тағдыры - білімде» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерсайын Ерқожа жауап берді.

Ұқсас мақала: Қырым мектеп оқулықтарында «Ресей субъектісіне» айналған

Your browser doesn’t support HTML5

Мектеп туралы әңгіме (2-бөлім)