Жарықсыз, сусыз Қайнарбұлақ

Қайнарбұлақ саяжайындағы "Пресс тұтыну" кооперативі тұрғыны, көпбалалы ана Айнұр Жақсылықова көрші кооперативтен ауызсу тасып жүр. Шымкент, 14 қазан 2015 жыл.

Қайнарбұлаққа ауызсу құбырын тартып жүрген құрылысшылар. Шымкент қалалық әкімдігі өкілдері құбыр құрылысының жыл соңына дейін аяқталатынын айтады. Шымкент, 14 қазан 2015 жыл.

"Пресс тұтыну" кооперативіндегі жеке тұрғын үйлердің бірі. Шымкент, 14 қазан 2015 жыл.

Қайнарбұлақтағы көше. Шымкент, 14 қазан 2015 жыл.

Қайнарбұлақтағы "Пресс тұтыну" кооперативіне қарасты үй тұрғындары жарықсыз, ауыз сусыз, газсыз күнелтіп отыр. Шымкент, 14 қазан 2015 жыл.

Қайнарбұлақ саяжайы тұрғындары ішер суды көрші кооперативтен тасиды, ал ыдыс-аяқ, кір жууға, жуынып-шайынуға жаңбыр суын жинап, пайдаланып отыр. Шымкент, 14 қазан 2015 жыл.

Қайнарбұлақтағы балалар. Шымкент, 14 қазан 2015 жыл.

"Пресс тұтыну" кооперативінің тұрғындары техникалық су жинайтын ыдыс. Шымкент, 14 қазан 2015 жыл.

"Пресс тұтыну" кооперативіндегі 364 отбасына су жіберетін орын. Шымкент, 14 қазан 2015 жыл.