Шымкенттегі жерасты өткелдері

Күншығыс шағын ауданы мен 16-шағын ауданның арасын жалғайтын жерасты өткелінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүріп-тұруына жағдай жасалмаған. Пандустар жоқ. Баспалдақтың бір бөлігінде мүгедектердің арбасына арналған жол бар, екінші бөлігінде бұл жол жоқ. Шымкент, 16 тамыз 2017 жыл.

Тұрғындар жерасты өткелінде жеміс-жидек пен самса пісіріп сатуына наразы. «Жеміс-жидек шіріп жатады. Су құбыры мен кәріз құбыры тартылмаған. Самса пісірушілер төккен жуындының иісі қолқаны қабады» дейді олар. Шымкент, 16 тамыз 2017 жыл.

Жерасты өткелінің қабырғасындағы хабарландыру. Шымкент, 16 тамыз 2017 жыл.

«Көктем» базары маңындағы жерасты өткеліндегі самса пісіріп сататын дүңгіршек. Шымкент, 16 тамыз 2017 жыл.

Лас жерасты өткеліне түспеген жолаушылар көлік жолын кесіп өтеді. Шымкент, 16 тамыз 2017 жыл.

Шымкент теміржол вокзалындағы жерасты өткелі жабылып, құлып  салынған. Шымкент, 16 тамыз 2017 жыл.

Шымкент қаласы әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Нұрлан Жамаловтың айтуынша, қала бойынша 10 жерасты өткелі бар, оның екеуі жаңадан салынған. Жаңадан салынған жер асты өткелінің бірі Республика көшесіндегі Колос аялдамасында орналасқан. Жерасты өткелдерін күтіп ұстауға шаруашылық бөлімі жауапты. «Жер асты өткелдерінің күтіп ұстауға қаражат қарастырылмағандықтан өткелдердің тазалығы көше тазалайтын компанияларға жүктелген» дейді ол. Шымкент, 16 тамыз 2017 жыл.

Колос аялдамасындағы жерасты өткелінде қайыр сұрап отырған адам. Шымкент, 16 тамыз 2017 жыл.

Жаңадан салынған жерасты өткелдерінде бейнебақылау камерасы қойылған. Шымкент, 16 тамыз 2017 жыл.

Жаңадан салынған жерасты өткелінің шатыры мен қабырғаларының кей жері сынған. Шымкент, 16 тамыз 2017 жыл.

Қаладағы 10 жерасты өткелінің төртеуі кәсіпкерлерге 25 жылға ұзақ мерзімге жалға берілген. Онда кәсіпкерлер дүңгіршектер орнатып, сатушыларға әрбірін айына 15 мың теңгеге жалға береді. Шымкент, 16 тамыз 2017 жыл.

Дендросаябақтағы жерасты өткелінің ішкі көрінісі. Шымкент, 16 тамыз 2017 жыл.

Дендросаябақтағы жерасты өткелінен өтіп бара жатқан тұрғын. Шымкент, 16 тамыз 2017 жыл.