Даун синдромына шалдыққандар қолөнері

22 жастағы Ольга Шлапак (сол жақтан екінші тұрған) пен 17 жастағы Ален Наурызовтың (оң жақтан екінші) моншақпен кесте тігуді меңгергендеріне 4-5 жыл болған. Бұл - олардың алғашқы көрмесі. Алматы, 18 наурыз 2016 жыл.

Көрмеге қойылған Ольганың соңғы туындыларының бірі.

Ален өзінің "Көңілді торғай" атты туындысының жанында шығармашылық жетекшісі Галина Ведоменкомен бірге сұхбат беріп тұр.

Көрмені тамашалауға келген Алматы тұрғындары.

Ольга Шлапак "Жазғы натюрморт" атты туындысын келушілерге көрсетіп тұр.

Ален мен оның анасы Сәуле Наурызова.

Ольга мен Ален ұстаздары Галина Ведоменкомен бірге.

Көрменің ашылуы кезінде түрлі ойындар ұйымдастырылды.

Көрменің ашылуына келген адамдар ойындарды қызықтап отыр.

Көрмеге қойылған туындылармен танысып тұрған адам.

Ольганың "Тасбақа" атты туындысы Австралияның Брисбен қаласындағы галереяға қойылған.

Көрменің ашылуында өнер көрсеткен бүлдіршіндер.