Қазандағы мұсылман киносы фестивалі

Фестивальде 27 елден әкелінген 60 картина көрсетілді. 22 картинаға жүлде берілді.  

Қазанда өткен кинофестивальде марапатталған қазақстандық «Оралман» фильмі Ауғанстанда тұратын қазақ әулетінің тағдыры туралы баяндайды. Бұл әулет Қазақстаннан 1930 жылдары репрессия кезінде көшіп кеткен. Ондаған жылдардан соң отбасы Қазақстанға көшу квотасына ілінеді.  

Қазан кинофестивалінде қазақстандық актер Дулыға Ақмолда "ер адамның рөлін үздік ойнағаны үшін" марапатталды. Режиссер Сәбит Құрманбектің айтуынша, ол фильм идеясын Азаттықтың «Уәли командир» туралы репортажынан алған. Ауғанстаннан Қазақстанға көшіп келген оралман туралы мақала Азаттыққа 2011 жылы мамыр айында жарияланған еді. 

Қазандағы мұсылман киносы фестивалінің "Толықметражды үздік фильм" жүлдесін түрік режиссері Мустафа Караның «Каландр суығы» картинасы алды.  

Қазан қаласында мұсылман киносы халықаралық фестивалі 2005 жылдан бері жыл сайын өтіп келеді. 

Фестивал ұраны: «Мәдениеттер диалогы арқылы диалог мәдениетін меңгеру».

Кинофестивальдің жабылу салтанаты қыркүйектің 11-і күні Жәлел атындағы опера және балет театрында өтті. 

Ұйымдастырушылар 13 жыл бұрын өткен алғашқы фестивальге 12 елден 40 туындыны көрсетуге өтініш түссе, биыл 61 елден 782 өтініш берілгенін айтады.

Байқаудың қысқа тізіміне 27 елдің 60 фильмі ілінген. (Ол елдер: Әзербайжан, Албания, Ауғанстан, Бангладеш, Бельгия, Венгрия, Дания, Египет, Үндістан, Иран, Италия, Қазақстан, Канада, Катар, Қырғызстан, Мальта, Марокко, Непал, Нигер, Ресей, АҚШ, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан, Франция, Швеция, Эстония)

Кинофестивальдің жабылу рәсімінде ән айтып тұрған Дина Гарипова.

Актерлер ойнамайтын «Үздік ұлттық фильм» сыйлығын режиссер Алмаз Нұрғалиевтің (сол жақта) «Нажиба» фильмі алды. 

Фестивальді Татарстан мәдениет министрлігі, Қазан қаласы әкімдігі, Ресей мүфтилері кеңесі ұйымдастырады. 

"Қазан" би ансамблі.