KazTAG сайты DDoS-шабуылға ұшырағанын хабарлады

Қазақстандағы KazTAG ақпарат агенттігі сайты DDoS шабуыл (distributed denial of service) – қызмет көрсетудің тоқтауы. Мұндай шабуыл кезінде онлайн-ресурсқа көп жақтан мақсатты түрде трафик жіберіледі, оған күші жетпеген онлайн-ресурс жұмыс істемей қалады. ұшырап, жұмысында уақытша іркіліс болғанын хабарлады.

Редакция мәліметінше, хостинг-провайдер шабуыл кезінде кіріс трафигі күрт артқанын тіркеп, қауіпсіздік мақсатында шетелден келетін трафикті уақытша бұғаттаған. Қазақстан ішінде шектеу қойылмаған.

KazTAG желідегі шабуылдар 19-20 шілде аралығында жалғасып, салдарынан сайт уақытша істемей, жаңалық жариялау мүмкін болмағанын айтты.

Агенттік Telegram-арнасына жазылған қолданушыларға KazTAG туралы жалған ақпарат тарататын бот-хабарлар ауық-ауық тарап жатқанын мәлімдеді.

KazTAG бұл оқиғаларға кімнің қатысы болуы мүмкін екені жайлы пікір білдірген жоқ. Редакция сайт жұмысын қалпына келтіріп жатқанын хабарлады.

ҚазТАГ – Қазақстандағы жаңалықтарды жариялайтын жеке меншік ақпарат агенттігі. Биыл қыста басылымның иесі Әсет Матаев пен бас редактор Әмір Қасенов миллиардер Тимур Турловқа тиесілі Freedom Finance брокерлік компаниясының өтініші бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша күдіктілерге айналды. Журналистерге "көрінеу жалған ақпарат тарату" бабымен айып тағылды. Редакция мақалаларында жалған ақпарат жоқ екенін және журналистерге қайырылған оқырмандардың мәлімдемелеріне сүйенгенін айтып отыр.

Кейінірек Матаевқа тағылған айыптар алынып тасталды және ол бұзақылық бабы бойынша қозғалған істе жәбірленуші деп танылды. Қасеновтің соты маусым айында басталған; ол үйқамақта отырған кезде кінәсіз екенін мәлімдеген видеосы интернетте тараған, осыдан кейін сот оны тергеу абақтысына ауыстырды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

ҚазТАГ редакторы Әмір Қасенов аштығын тоқтатты. Ол сотқа тікелей қатысуды қалайдыЖурналист Әсет Матаев "Бұзақылық ісі" бойынша үш айдан кейін жәбірленуші танылдыТәуелсіз жеті журналистің WhatsApp аккаунттары бұғатталып қалды. Бұл қысым ба?Азаттық зерттеуі жарияланғаннан кейін оның аккаунттарына шабуыл күшейіп, сайты ашылмай қалды. Неге? Бірқатар журналист WhatsApp аккаунты бұзылғанын хабарлады