Далластағы қастандық: президент Джон Кеннедидің қазасы

АҚШ президенті Джон Кеннеди жұбайы Жаклин Кеннеди және вице-президент Линдон Джонсонмен бірге таңғы аста отыр. Президентке оқ атылғанға дейін бірнеше сағат қалды. 22 қараша 1963 жыл.

АҚШ президенті Джон Кеннеди 22 қараша күні таңертең Форт-Уортта өзін қарсы алған көпшілік ортасында. Техас, 1963 жыл.

Президент Джон Кеннедидің Даллас пен Форт-Уортқа сапары қарсаңында Ақ үй шығарған оның күндік жоспарының кестесі. Онда 22 қарашада сағат 8:45 пен 12:30 аралығында президенттің қай жерде болатыны көрсетілген.

Президент Джон Кеннеди мен жұбайы Жаклиннің Далласқа келген сәті. Бір сағатқа да жетпейтін уақыттан кейін президентке қастандық жасалды.

Далластағы Мэйн-стрит бойында Кеннеди кортежінің жолында оны тосып тұрған адамдар. АҚШ президенті осы жер арқылы Дили Плаза ауданына жеткенде оқ атылды.

Көлікте президент Джон Кеннедимен бірге жұбайы Жаклин, Техас штатының губернаторы Джон Конналли және оның әйелі Нелли болған еді. Қастандықтан ауыр жараланған Коннали тірі қалды.

Далласта қастандықпен өлтірілген АҚШ президенті Джон Кеннедидің сүйегі Вашингтон түбіндегі Эндрюс әскери-әуе базасына (Andrews Air Force Base) жеткізілді. Суретте марқұмның жесірі Жаклин және президенттің інісі, АҚШ бас прокуроры Роберт Кеннеди бейнеленген.

Президент Кеннедидің қазасына күдікті ретінде ұсталған ли Харви Освальд (ортада) Далластағы баспасөз мәслихаты кезінде. 22 қараша 1963 жыл.

Жұртшылық қоштасуы үшін марқұм Джон Фицджеральд Кеннеди салынған табыт Ақ үйдің Шығыс залына қойылды. Вашингтон, 23 қараша 1963 жыл.