Жұмыссыздық жайлаған ауыл

Хантағы ауылындағы көшелердің бірі.

Хантағы ауылының аумағы 2600 гектарды құрайды. Қысы қатты таулы аймақта орналасқан ауылдың тұрғындары негізінен мал шаруашылығымен айналысады.

Иелері қалаға қоныс аударған кей үйлердің есік-терезесі жабық тұр.

Иесіз қалған үйлердің қора-қопсысы да бұзылған.

Хантағы ауылындағы асфальт төселген жалғыз көше.

Хантағы ауылынан 10 шақырым жердегі Кентау қаласына қоғам көлік қатынайды.

Аспаз мамандығы бойынша дипломы бар 20 жастағы Ырысалды Жолдасбекова мамандығы бойынша жұмыс таба алмай жүргенін айтады.

Ауыл тұрғыны  Ақмарал Райованың сөзінше, жұмыс табылмаған соң екі баласы Қарағанды қаласына кеткен.

Жеке тұрғын үй қақпасындағы жазу.

Хантағы ауылында тұрғындар ағын суды пайдаланады.

Шелекпен су тасып жүрген тұрғын.

Хантағы ауылында тартылып жатқан су құбыры желісі.

Ауыл тұрғындары күнделікті пайдаланатын ескі көпірді жөндеп жатқан адамдар.

Хантағы ауылындағы жаңадан салынған мешіт.

Ауыл көшесіндегі орындық.

Хантағы ауылындағы жаңадан салынып жатқан спорт алаңы. 5 қазан 2017 жыл.

Көлік дөңгелегін жамау қызметін көрсететін орын.