Киев халқы Ресей шабуылынан қаза тапқандарды аза тұтады

Ресей әскері әуеден жасалған шабуылдың салдары. Киев, 20 тамыз, 2026 жыл.

21 тамыз Украина астанасы Киевте Ресей шабуылынан қаза тапқандарды аза тұту күні деп жарияланған.

Бейсенбіге қараған түні Ресей күштерінің зымырандар мен дрондар қолданып жасаған жаппай шабуылынан Киевте кемінде 15 кісі қаза тауып, 30-дан астам адам жараланған, көпқабатты тұрғын үйлер, мектеп пен балалар емханасы зақымдалған.

Жұмаға қараған түні Ресей күштері Украинаның Харьков облысы Чугуев ауданындағы Лебяжье ауылына әуеден шабуыл жасаған. Облыстық әкімшілік басшысы Олег Синегубовтың айтуынша, Ресей шабуылға алты дрон қолданған.

73 және 66 жастағы екі әйел қаза тауып, тағы екі әйел жараланды деп хабарлады Синегубов.

Шабуыл салдарынан Лебяжье ауылында бес жеке үй өртеніп, үшеуі қирады, 20 шақты үйге зақымдалған деді ол.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Ресейдің жаппай шабуылынан Киевтің бірнеше ауданында үйлер қирап, адамдар қаза тапқанРесей Киевті бомбалады, Украина Татарстанды атқылады | Соғыс жаңалықтарыУкраинадағы Печенеги кентінде зымыран шабуылынан 10 адам қаза таптыРесей әскері Киев пен Кривой Рогты зымыранмен атқыладыРесей мен Украина бір-біріне әуе шабуылын жасады: екі жақтан да қаза тапқандар бар