Киевте президент кеңсесі басшысының орынбасары Ирина Мудраяның үйін тінтіп жатыр

Киевте Украина президентінің кеңсесі басшысының орынбасары Ирина Мудраяның үйінде тінту жүргізіліп жатыр деп хабарлады Жоғарғы Рада депутаты Алексей Гончаренко.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро (НАБУ) және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнаулы прокуратура (САП) қылмыстық ұйымға қарсы арнайы операция жүргізіліп жатқанын 19 тамыз күні таңертең мәлімдегенін бұған дейін Азаттықтың Украин қызметі хабарлаған.

НАБУ-дың мәліметінше, қылмыстық ұйымның іс-әрекетіне өзгелермен бірге қатысқан деген күдікке Украина президенті кеңсесінде істейтін кейбір жоғары лауазымды тұлғалар да ілінген.

Аталған мекемелер әзірге операцияның егжей-тегжейін және күдіктілер кім екенін ашып айтқан жоқ. Supernova+ Telegram арнасы іс материалдарында депутат Вадим Столардың, бұрынғы депутат Максим Мыкытастың, сондай-ақ Әділет министрлігі шенеуіктерінің және "Сенс Банк" өкілдерінің аты-жөні аталған деп жазды. Бұл арнайы операция "Форрест Гамп" деп аталады дейді басылымдар.

Ирина Мудрая – Украина президентінің кеңсесі басшысының орынбасары лауазымына 2024 жылы наурызда тағайындалғанға дейін әділет министрінің орынбасары болған. Президент кеңсесінде құқық мәселелерімен, сот реформасымен және халықаралық өтемақы механизмімен айналысқан.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Кепіл ақша толық енгізілген соң Андрей Ермак тергеу абақтысынан шықтыУкраина президенті кеңсесінің экс-басшысы Андрей Ермак қылмыстық іс бойынша күдікке іліндіУкраинаның бұрынғы энергетика министрі шекарада ұсталдыУкраинада Юлия Тимошенконың партиясының кеңсесінде тінту болдыУкраина Жоғарғы сотының төрағасы пара алды деген күдікпен ұсталған