Прагадағы қазақстандық студенттер байқауы

София Шабан Исландиялық әнші Бьорктің It's оh so quiet әнін орындады. Прага, 8 қараша 2014 жыл.

Қазақстандық студенттер байқауын тамашалауға келген көрермендер. Прага, 8 қараша 2014 жыл.

Қазақстандық студент Динара Көбеева дарындылар байқауында Кавказда ер адамдардың дәстүрлі биі саналатын лезгинканы биледі. Прага, 8 қараша 2014 жыл.

Сахнада өнер көрсеткен соң Динара Көбееваны жігіті құттықтады. Прага, 8 қараша 2014 жыл.

Қазақстандық студент Дамира Ғабдуллина дарынды жастар байқауында ән салып тұр. Прага, 8 қараша 2014 жыл.

Қазақстандық студент жастар өнерін бағалаған қазылар алқасының құрамында «Тарлан» ұйымы төрағасы Әлихан Кәрібхан, би студиясын ашқан Дарья Гусова, Go жастар ұйымы төрағасы Алижон Арибов және Smartavia компаниясының өкілі Наталья Шало болды.

Жастар байқауына қатысушы қазақстандық студенттер қазақтың ұлттық музыка аспабы - домбырада күй де тартты. Музыкалық аспапта өнер көрсеткендер арасында домбырада ойнаған Елдар Жұман бірінші орын алды. Прага, 8 қараша 2014 жыл.

Қазақстандық студент Айтуар Әбділ гитарада Боб Диланның әнін шырқап тұр. Прага, 8 қараша 2014 жыл.

Қазақстанның Чехиядағы елшілігінің бірінші хатшысы Азамат Әбсалықов дарынды жастары байқауына қатысқан қазақстандық студенттерге сыйлық тапсыру рәсімінде сөйлеп тұр. Прага, 8 қараша 2014 жыл.