Жәбір көрген үш келіншек

Алматы тұрғыны Наталья Черкасова дағдарыс орталығына жәбір көрсеткен туған анасынан қашып кеткеннен кейін келген.  

Наталья анасының оны араққа ақша табуға мәжбүрлегенін айтады.  

Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы Кенжегүл Сабырханова жиі ұрып-соғатын күйеуінен қашып кеткен. Қазір ол дағдарыс орталығында психологиялық және т.б. көмек алып жатыр.  

Кенжегүлді 18 жасында алып қашқан.  

Кенжегүл күйеуін сүймейтінін, бірақ бір жылдан кейін одан ұл тапқанын айтады.  

16 жастағы Дильназ дағдарыс орталығына Атыраудан келген. Ол өгей әкесі зорлағанын айтады.  

Дильназдың анасы көп уақыт бойы қызын кейінгі күйеуі зорлағанын білмеген.  

Дильназ орталықта тағы бір ай болады.

Дильназ үйінен қашып шыққанда жүкті болған. Ол "ішімдегі баланы өмірге әкелгім келмейді, түсік жасататын шығармын" дейді.