Кубадағы крокодилдер

Қаһарлы қолтырауын. 

Ал оның баласы әрине өзіндей қорқынышты емес. Бірақ оқшаулап қойғандарына қарағанда, ол да аса жуас жаратылыс емес сияқты. 

Мықты қоршаудың ар жағынан бұларды көруге туристер келеді. Ферма жұмысшылары жіпке байлап ет бермек болып, қолтырауындардың ауыздарын ашқызады, ақсиған тістерін көрсетеді. 

Мұны бейбіт қатар тіршілік ету деп сипаттауға болады. Бірақ құстар табиғи сақтығын жоғалтпайды.   

Ферма маңында "Қолтырауынды жуасытып жатқан аңшы" мүсіні тұр.  

Мұнда өңірді мекендеген байырғы тайпалардың үйлерін де жасап қойған.

Қолтырауын жүз жасайды. Кейде одан да ұзақ тіршілік етеді. Олардың ең ірілерінің ұзындығы бес-алты метрге дейін жетеді.