Киевтегі теңдік маршы

Шеруге мыңға жуық адам қатысты. Оларды бес мыңдай полиция қызметкері күзетіп жүрді. 

Маршқа шыққан ЛГБТ (лесби, гей, бисексуал, трансгендер) бұл шараны өткізуге қарсы топпен ұшырасып қалмау үшін шерудің маршрутын өзгертті.  

Шеруге шыққандар "Көтеріл, сүй, құқықтарыңды таптатпа!", "Адам құқығы бәрінен биік!", "Еліміз бәріміз үшін" деген ұрандарды айқайлады. 

Мұндай шеруге қарсы адамдар ЛГБТ өкілдерінің туын тартып алуға, оны өртеуге тырысты. 

Киев орталығында 200-дей әсіреұлтшыл белсенді шеруге бөгет жасауға тырысты. Олар көшені жауып тастауға талпынды. 

Полицияның екі қызметкері жеңіл жарақат алды.  

Шеруге келгендерден полиция бірнеше бояу баллондарын тәркіледі.  

Ал шеруге қарсы топтан пиротехникалық заттар алынды. 

Шеру басталғаннан үш сағат өткенде жыныстық азшылық маршына белгісіз біреулер шабуыл жасады. Олар бір адамның бетіне газ бүркіп, енді бір адамды ұрды.