Киевтегі хризантема көрмесі

Украина астанасында гүл көрмесі дәстүрлі түрде өтіп тұрады. Бұл шараны Киевті көгалдандыратын коммуналдық мекемелер өткізеді.  

Он шақты гүл композициясын жасау үшін хризантема гүлінің түрлі тұқымынан 25 мың гүл шоғы пайдаланылған.  

«Арман әткеншегі» композициясы. 
 

Көрмеге Киевтің әрбір ауданы өз композициясын әкелген. Оларға қараған адамды гүлдердің көркемдігі баурайды.  

«Гүл палитрасы» композициясы. 

Кейбір гүл композициялары селфи түсіруге ыңғайластырып жасалған.  

Гүл фестивалі күнделікті таңғы сағат 9-дан кешкі сағат 21-ге дейін ашық тұрады. 
 

Көрме қазанның 23-іне дейін жалғасады.