"Қырымда ерте есейгендер"

Фотокөрменің ашылуы.

"Қырымда ерте есейген балалар" фотокөрмесінің авторы - Азаттық радиосының журналисі Антон Наумлюк.

16 фотосуретте саяси айып тағылған Қырым татарларының отбасында әке қамқорлығын көрмей өсіп жатқан балалар тарихы баяндалады.

Қырымда саяси тұтқындардың отбасыларындағыбалаларға жәрдем көрсетумен айналысатын "Біздің балалар" қоғамдық ұйымының дерегі бойынша, түбекте саяси себеппен қуғын-сүргінге ұшыраған отбасыларындағы бала саны жүзден асқан.

Фотокөрмені украиналық азаматтық еркіндіктер орталығы еріктілері мен «Қырым үйі» ұйымдастырған.

Қырым саяси тұтқындары отбасыларындағы балалар тақырыбына арналған көрме экспонаты.

Бұл суреттер сонымен бірге балаларының қалай есейгенін көрмей, қамауда отырған ата-аналар туралы да сыр шертеді.

Көрменің ашылуына Қырым татарларының жетекшісі Мустафа Жемилев, Қырым татарлары меджлисінің басшысы Рефат Чубаров және Украинаның уақытша оккупацияда қалған территориялары мәселелері бойынша министрінің орынбасары Юсуф Куркчи қатысты.

Мустафа Жемилев Қырымда қуғын-сүргінге ұшыраған отбасылары мен балалар саны алдағы уақытта көбейе түсуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Қырым саяси тұтқындары отбасыларындағы балалар тақырыбына арналған көрме.