Посткарантиндік кезең және дәрігерлерге арналған құрмет тақта

Ватикандағы Әулие Петр соборын залалсыздандырып жатқан жұмысшы. 15 мамыр 2020 жыл.

Коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлер ерлігіне арналған мурал. Мәскеу қаласының маңы. 

Кәсіби міндетін атқару кезінде коронавирус жұғып, қайтыс болған медицина қызметкерлерінің суреттері ілінген "құрмет тақтасы". Оны тұрғындардың өздері ұйымдастырған. Санкт-Петербург, Ресей.

27 жастағы жаттықтырушы Мирланд Гаши карантин кезінде үйде өзі құрастырған құралды қолданып, жаттығып жатыр. Косово. 

Болгарияда тұратын жергілікті гид Желязко Великов Дряново қаласы маңындағы Бачо Киро үңгірін аралап жүр.
 

Лондондағы Сент Джеймс саябағы.
 

Қорғаныш киім киген маман сауда орталықтарының бірін залалсыздандырып жүр. Кашиас-ду-Сул қаласы, Бразилия.
 

Жылыжайда еккен капустасын қарап жүрген диқан. Косово. 

Кабул маңындағы елдімекендердің бірінде құдықтан су алып жатқан ауған баласы.
 

Итімен бірге көлікте кетіп бара жатқан ерлі-зайыпты. Мәскеу. 

Үкіметтен карантин кезінде көмек сұрап, шектеу шараларын жұмсартуды талап еткен украиналық шоу-бизнес өкілдері ұйымдастырған шара. 
 

Карачиде бірқатар карантин шаралары алынғаннан кейін базар маңында өзгелермен бірге мотоциклын тұраққа қойып жатқан пәкістандық бала.

Украиналық сепаратист "түйісу сызығы" аймағында жүр. Донецк облысы. 

Трамвай күтіп тұрған жолаушылар бір-бірінен алшақ тұр. Франция.

Ресейдің бокс федерациясы совет диктаторы Иосиф Сталиннің портретін әуеге көтеріп жатыр. Қырым. 
 

Пәкістан үкіметі коронавирусқа байланысты енгізген шектеу шараларын жұмсартқаннан кейін халық көшеге шығып, қалыпты тірлікке көше бастады. Мына суретте жануарларды үйретуші адам маймыл мен ешкісінің көмегімен көпшілікке өнер көрсетіп жатыр.

Ауған еріктісі уақытша баспананы залалсыздандырып жатыр. Ауғанстан, Жалалабад. 

Прагада карантиннен кейін қайта ашылған мейрамхананың ауласында кезекте тұрған жұрт.

Мәскеу метросында маска таққан жолаушы кетіп барады. 

Жеңіс күніне арналған әскери парадқа жиналған ардагерлер. Минск, 9 мамыр 2020 жыл.